Get Mystery Box with random crypto!

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің | Миннацэкономики РК

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 1,4 млн-ға жетті

Үкімет отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов шағын және орта бизнесті дамыту туралы баяндады

«ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 7,9%-ға артып, 34,7%-ға жетті. ШОК өнімдерін шығару 2 есеге жуық артып, номиналдық мәнде
29,7 трлн теңгеге жетті. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнестің жалпы саны 15,2%-ға артып, 1,4 млн субъектіге жетті. ШОК-та жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 3,5 млн адамға жетті», - деді Т.Жақсылықов.

2021 жылы Үкімет пандемия кезінде басталған дағдарысқа қарсы шаралар кешенін іске асыруды жалғастырды

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында жедел шаралар қабылданды

«Қаңтар оқиғаларының нәтижесінде, алдын ала деректер бойынша 1 630 ШОК субъектісі зардап шеккен. Шамамен 38,6 млрд теңгеге залал келтірілді. Бүгінгі күні 1 491 ШОК субъектісі жалпы сомасы 8,3 млрд теңгеге төлем алды», - деді ол