Get Mystery Box with random crypto!

«Астанаэнергосбыт» ЖШС-ы төлемдерді негізсіз өсірген Астаналы | Миннацэкономики РК

«Астанаэнергосбыт» ЖШС-ы төлемдерді негізсіз өсірген

Астаналық тұтынушылардың өтініштері негізінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Астанаэнергосбыт» ЖШС-на қатысты электрмен жабдықтау қызметтері үшін төлемге көтеріңкі шоттарды қоюдың негізділігі тұрғысынан жоспардан тыс тексеру өткізді.

Тексеру барысында жүгінген 56 тұтынушының 32-сіне 129 мың.теңге мөлшерінде негізсіз сома қойылғаны анықталды. Мысалы, тұтынушылардың бірі бойынша төрт айда артық төлемнің жалпы сомасы 17 мың.теңге құрады (Нұр-Сұлтан қаласының тұтынушылардың 4,5 мың.теңге мөлшерінде ай сайынғы орташа төлем кезінде). 

Осыған байланысты, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-на қатысты әкімшілік іс қозғалды, оған сәйкес 2000 АЕК немесе 6 млн.теңгеден жоғары мөлшерде айыппұл көзделген.

Одан бөлек, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның атына электр энергиясын төлеу сомасы заңсыз есептелген елорданың барлық тұтынушыларына төлем сомасын қайта есептеуді жүргізу арқылы жол берілген бұзушылықтарды міндетті түрде жою туралы нұсқама енгізілді.