Get Mystery Box with random crypto!

Ұлттық экономика министрі Мемлекет басшысының Жолдауын іске ас | Миннацэкономики РК

Ұлттық экономика министрі Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру барысы туралы айтып берді
 
Министр өз сөзінде Жолдауды іске асыру мақсатында 10 бағыт бойынша 36 іс-шарадан тұратын Жалпыұлттық жоспар бекітілгенін хабарлады.

Министрліктің жұмысы негізгі үш бағыт – елдің әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру, жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру және дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар бойынша жүргізілетін болады.

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының отырысында Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарына атауларын беру туралы ұсыныс қолдау тапты. Шекараларды анықтау үшін жергілікті тұрғындардың пікірлері, экономикалық және инфрақұрылымдық әлеуеті, халық саны және басқалары ескерілді.

Дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар аясында 5 бағыт бойынша іс-шаралар іске асырылады. Әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін туындайтын тәуекелдерді нивелирлеу мақсатында 2022 жылға арналған дағдарысқа қарсы шаралар жоспары әзірленді.