Get Mystery Box with random crypto!

Сценаристика туралы қазақша

Telegram арнасының логотипі pierre_krystkovyak — Сценаристика туралы қазақша С
Telegram арнасының логотипі pierre_krystkovyak — Сценаристика туралы қазақша
Арна мекенжайы: @pierre_krystkovyak
Санаттар: Бейнелер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 384
Арнадан сипаттама

Сценарист - оқиғаны ойлап табушы. Оқиғалар туралы қазақша кеңестер!

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2021-04-19 06:44:33 Кейде ситуацияның шешімі локациядан келіп қалуы мүмкін. Болып жатқан аймақ туралы мұқият ойланып көріңіз.
1.1K views03:44
Ашу / Түсініктеме
2021-04-10 10:21:48 Идеалды, гениалды талант иесі болуға асықпаңыз. “Жарып жіберген” жобаралыңыз бен бірге әлсіз шыққан сценарийіңізді де айта жүріңіз.
1.3K viewsedited  07:21
Ашу / Түсініктеме
2021-03-31 12:58:22 Ешқашан антагонист кейіпкеріңізді өте жаман адам деп санамаңыз. Ол да сіз сияқты бақытты болуды қалайды.
1.4K views09:58
Ашу / Түсініктеме
2021-03-22 08:35:02 Басты кейіпкердің эмоциялары оқиғаны баяндайтынын есте ұстаған жөн. Сахнаны немесе сөйлемді оның қуанышын, көңіл-күйін, мазасыздығын және т. б. көрсету үшін қолданыңыз.
1.9K views05:35
Ашу / Түсініктеме
2021-03-17 12:21:49 http://ru.unesco.kz/unesco/news/4394
1.6K viewsedited  09:21
Ашу / Түсініктеме
2021-03-17 12:21:36 http://ru.unesco.kz/unesco/news/4394
1.2K views09:21
Ашу / Түсініктеме
2021-03-16 06:00:02 Махаббат бар жерде оқиға да бар.
997 views03:00
Ашу / Түсініктеме
2021-03-14 10:10:24 Қазақстандағы ТОП деген сценаристердің қаламақысы

Сауалнамадан 28 адам өтті. Этикалы-моральді тұрғыда кімдер екені жазылмайды. Бірақ сіздерге түсінікті болу үшін мына ақпаратты берейін.

Сценарий жазып жүргеніңізге қанша уақыт болды? – дейтін сұраққа авторларымыз былай жауап берген:
5-7 жыл – 13
10-15 жыл – 5
1-3 жыл – 5
3-5 жыл – 4
7-10 жыл – 1

Тәжірибелері жетерлік екенін көрдіңіз. Плюс жазған жобаларын білсеңіз «уау осы жобаны жазған ба не» деп шошисыз отвечаю. Ақшаға оралайық...

Соңғы жазған сценариіңізден қандай табыс таптыңыз? – дейтін сұрақтың жауаптары:
3 000 000 KZT – 2
500 000 – 1 000 000 KZT – 12
300 000 – 500 000 KZT – 3
100 000 – 300 000 KZT – 6
50 000 – 100 000 KZT – 5

Бұл жерде сценаристердің соңғы жазғандары: жарнамалық ролик, клип, вайн, скетч, квн секілді көлемі аз дүние де болуы мүмкін.

Толық метрді қанша теңгеге жазасыз?
500 000 – 1 000 000 KZT – 7
100 000 – 300 000 KZT – 2
1 000 000 – 2 000 000 KZT – 7
3 000 000 – 5 000 000 KZT – 8
Қалған жауаптарда нақтылық жоқ

Чинаның субективті пікірі болады кәзір, байқаңыз.

Ақан Сатаевтың forbeskz журналына берген сұқбатынан келесідей ой қорытамын.

Казахфильм директорының айтуынша сәтті шыққан фильмдер Қазақстандық кинопрокаттан 1 млн доллар табыс табады екен. Оның 50 пайызын, яғни 500 мың долларын кинотеатр алады, 6-7 пайызы дистрибьюторге кетеді.

Сонда шамамен фильм атып кетсе студия немесе продакшн 500 мың доллар көлемінде табыс табады. Енді осындай фильмнің өндірісіне 100 мың доллардан көп ақша кетсе үлкен тәуекел дейді Ақан Сатаев.

Осы ойды негізге алсақ, толық метражды фильмнің өндірісіне 100 мың доллар кетеді екен, ол дегеніміз 40 000 000 теңге. Сол 40 млннің сценарийге деп 4 млн теңге бөлуі, меніңше орынды.

Егер сіздің арқаңызда кем дегенде бір «айырған» жобаңыз болса, сол 4 млн теңгеге жақын соманы сұратсаңыз болады. Бірақ қазіргі кино саласын, қазіргі кинотеатрлар жағдайын ойласам, продюсердің немесе продакшннің дегені бәрібір болатын сияқты.

Ал мен секілді жас сценаристерге айтарым сол «айыратын» жобаны жазғанға дейін ақшасына қарамай еңбек етіңіз енді.

Бұл толық метражды фильмдерге қатысты әңгіме. Көп сериялы тв жобалардың қаламақысы туралы білгіңіз келе ме? О-ооо... қызықтың көкесі сол жақта.
1.1K viewsedited  07:10
Ашу / Түсініктеме
2021-03-13 06:00:01 Графоман деген кім?

Жалған атақтың синдромы барлық автордың басынын өтеді.
Графомания – бұл жазуға деген патологиялық құмарлық. Сапалы ма, сапасыз ба, идеялы ма, идеясыз ба – бұл сұрақтарға автор кейде өзі де жауап бере алмай қалады. Просто жаза береді.

Графомандар өздерін сынай алмайды. Яғни сырттан қарай алмайды.

Графоманизмді соншалықты айқын ететін бірнеше жарқын моменттер бар. Мысалы:

1. Автор өзі үшін жазады. Оқырманды емес, өзін жазушы ретінде таң қалдырғысы келеді.

2. Диалогтар бір-біріне ыңғайсыз, былапыт қойыла салған. Контексттен идеяны да, структураны да бөліп алу мүмкін емес.

3. Мәтін күрделі құрылымдармен "безендірілген". Автор өте әдемі және ақылды жазуға тырысқан. Бірақ күрделі сөздер мен қиын суреттеудің арқасында бәрі түсініксіз болып кеткен.

Кез келген авторға өз мәтініне бейтарап болу қиын. Өз текстің өзіңнің балаң секілді ғой, оны қалай алып тастайсың? Оны жаман десе қалай қабылдайсың?
Графоман боп қуып кетпеудің жолы бар негізі.

Ең дұрысы, қолжазбаны бағалауға және аяқтауға көмектесетін кәсіпқой маманды табу. Оны нарықта редактор деп атайды.

Бұрындары баспа үйіне автор қолжазба алып келетін болған. Сол жазбаны редактор сырттай қарап, кем-кетік тұстарын айтып жұмыс істеген. Кәзір шүкір редакторлар жетеді. Баспа үйіне барудың қажеті жоқ.

Ақпараттық сайттар, телевидение деген жерлерден 1040 редактор табасыз. Мәтініңізге сомнение ұстасаңыз да, тым қатты сенімді болсыңыз да редакторға тексертуге беріп көріңіз. Еш ұтылмайсыз. Досыңыз, көршіңіз емес – прям ақшасын беріп, жұмысқа жұмыс ретінде қарайтын редактор болсын бірақ.

(Соңғы сөйлем өз опытымнан)
781 views03:00
Ашу / Түсініктеме
2021-03-11 08:41:32 Сіздікінен басқа барлық рөлдер ойналып қойған.

(с) Оскар Уайльд
853 views05:41
Ашу / Түсініктеме