Get Mystery Box with random crypto!

Кейіпкерді 120 секундта қызықтырудың 4 әдісі Менің жеке фавор | Сценаристика туралы қазақша

Кейіпкерді 120 секундта қызықтырудың 4 әдісі

Менің жеке фавориттерімнің бірі Джек Воробей. Өзімнің сезгенімнен ой қорытып отырмын. Алғаш рет “Пираты Карибского моря” дейтіннің бірінші фильмін көргенде мына сахнаға қатты мән бердім. Соның мысалында түсіндіруге тырысам.

1. Бірден ситуация

Кейіпкер оқиға желісіне сразу ситуациямен, сразу проблемамен кіру керек.

Фильмнің 9-минутында көрерменге Джекті таныстырады. Джектің қайығы тесік, суға батып бара жатыр. Қайығына толған суды шелекпен сыртқа төгіп әлек. Проблемасы бар.

2. Құндылығы

Кейіпкер нені құрметтейді, нені жақсы көреді, нені асыл деп санайды соны көрсету.

Джек қайығымен жүзіп бара жатқанда пираттардың мәйітін көреді. Жартасқа асып қойған үш пираттың жанынан өте бергенде Джек бас киімін шешіп оларға құрмет көрсетеді. Пираттыққа деген кәміл берілгендік дегенді түсінуге болады.

3. Ерекшелігі

Кейіпкердің базалық қасиетін көрсету. Қандай қабілеті немесе қандай ерекшелігі оны оқиға бойы алып жүреді.

Джек портқа жақындағанда оның қайығы толық батып кетуге шақ қалған. Бірақ сонда да Джек басын тік көтеріп, еңсесін биік ұстап желкеннің таяғында смело тұр. Қалаға жеткенде қайығы батып кетеді. Джек қайықты батырып келесі қадамын портқа басады.

Қалай ұнатпайсың иә!?

То есть Джектің ішкі рухы дейміз бе, тәуекелшілдігі ма, әлде сенімділік па... әйтеуір осы әрекеті адамдарға қалайда әсер етті деп ойлаймын.

4. Тағы бір проблема

Кейіпкерді ашу үшін әңгіме керек емес негізі ше. Оның жаңа қырын көрсету үшін тағы бір проблема берсеңіз жеткілікті.

Джек келгенде порт қызметкері қайық қою үшін ақы талап етеді. Сосын аты-жөнін сұрайды. Джек көбірек ақша беріп атын айтпай кетеді. Кейін біреудің қалдырып кеткен бір уыс тиындарын алып кетеді.

Бұл проблема арқылы ситуациядан шығып кете алатын импровизатор екенін көреміз.

Түйін: бұл нәрселердің дәл осылай болуы шарт емес, бірақ тәжірибе осылай сәтті шыққан деп көрсетіп тұр.