Get Mystery Box with random crypto!

SPORT SHYMKENT

Telegram арнасының логотипі pfcordabasy — SPORT SHYMKENT S
Telegram арнасының логотипі pfcordabasy — SPORT SHYMKENT
Арна мекенжайы: @pfcordabasy
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 412
Арнадан сипаттама

👟⚽️ Шымкенттік футбол және жалпы оңтүстік спорты жайлы басты парақша.
📡 Жаңалықтар // Новости
🗣️ Тың ақпараттар // Инсайды
🎙️ Сұқбаттар // Интервью
🤡 Басқа да қызықтар // Много интересного
🤔 Ойланамыз… // Подумаем вместе…

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-07-29 07:02:48
Орталық стадионда кездескенше
195 views04:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 17:25:08 Ертең кубоктік ойын. «Көк-ақтардың» ойыналды жаттығуынан бейнежазба



107 views14:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 14:02:29 Шахбоз Умаров: «Ордабасыда» бірден бапкердің сенімін сезіндім және ұжымға сіңісіп кеттім»

«Ордабасы» жартылай қорғаушысы шымкенттік клуб, бас бапкер және командадағы әріптестері жайлы сұқбат берді.

- Шахбоз, шымкенттік команда сені қалай қарсы алды?
- Командада мен танитын адамдар жас болсын, тәжірибелі болсын аз болмады, Шымкентте де негізінен таныстарым көп. Сол үшін командаға сіңісіп кету қиын болмады. Оған қоса, мұнда Беларусьте ойнаған - Всеволод Садовский мен Александр Батищев бар. Мен олармен көп сөйлесемін, олар маған бұл тұрғыда көмектеседі.
Бас бапкер, Александр Седневқа келсек, ол біраз уақыт Беларусьте жұмыс атқарған. Шымкентке келе сала онымен жақсы сөйлестік, тіл табысып кеттік. Командамен жаттыға бастағанда Седневтың әр ойыншыға ыңғайлы тәсілдері бар екенін байқадым. Бапкер бізге тіпті: «Мынау менің базадағы бөлмем, егер қаласаңдар келіңдер, сөйлесіп, кез келген сұрақтарыңды талқылай аламыз» деп айтты. Седнев - ашық-жарқын адам, бірақ жұмысқа келгенде ол қатты мінез көрсете біледі.

- «Ордабасыға» ауысу нұсқасы қалай пайда болды?
- Менің бір Улугбек Асанбаев деген танысым бар. Ол менен командаға қосылуымды, көмектесуімді және ойнауымды сұрады. Ал мен оған жоқ деп айта алмадым.

- «Ақтөбеге» баруыңыз мүмкін деген сыбыс болды, алайда БАТЭ-ның сұраған қомақты қаржысына байланысты ауысым орын алмады.
- Жеке өзім ондай ештеңе естімедім, бұл жайлы маған ешкім айтпады. БАТЭ-де жүргенде мен тек командамен жаттығып, ұсыныстарға назар аудармадым. Иә, маған көбі хабарласып, ұсыныс тастаған, алайда мен бәріне: «Әзірге мен «сары-көктермен» жұмыс істеудемін, маған тиіспеңіздер» дейтінмін. Дәл осылай мен агентіме де, таныстарымның бәріне де айтқанмын. Меніңше, бір командамен жұмыс істеп жатып екіншісімен келіссөз жүргізу құрметсіздік деп ойлаймын. Ал шілдеде «Ордабасы» нұсқасы пайда болды және мен бірден кетуге бел будым.

- Жаңа команда үшін екінші ойында сіз екі бірдей ассист авторы атандыңыз.
- Мен жарты жыл бойы өнер көрсетпедім, ал «Ордабасыға» келгенде бапкердің сенімін сезініп, ұжымға бірдкн сіңісіп кеттім. Жаттығуларда маған күш сала бастады, жылдам қалпыма келу керек болды, себебі жарты жылда шынымен өз ойынымды жоғалтып алдым. Жаттығудан қалмай, жұмыс істедім, мұны көрген бапкер құрамнан орын берді. Осылайша екінші ойында-ақ екі бірдей нәтижелі пас бере алдым.

- БАТЭ-ден ауысқаннан соң өзіңізді физикалық тұрғыда қалай сезіндіңіз?
- Физикалық қалпым бұрынғыға қарағанда нашарлау екені бірден байқалды. Ойын тәжірибесі болмай, өзімді жоғалттым. Сол үшін «Ордабасыға» келіп мен базаға қоныстандым және әрдайым жұмыс істеудемін. Менде демалысқа және сауық-сайранға уақыт жоқ. Егер қажет болса бапкерлер де менімен жұмыс атқарады. Мен бір күнде жаттығуға, ұйықтауға және тамақ ішуге ғана үлгеремін. Соған байланысты ойыным жақсарып келеді. Құдай қаласа, көбірек ойнап, негізгі құрамға шығамын.
Айтпақшы, клуб базасының өте жақсы екенін айтып өткім келеді, жұмыс істеу рахат сыйлайды. БАТЭ-ның базасымен салыстырмаймын әрине, себебі әрқайсысының өз ерекшелігі бар, Шымкентте жұмыс істеген ыңғайлы. База стадионға жақын орналасқан, бұл да ыңғайлы. Алаң табиғи, жақсы қалыпта. Ең бастысы, «Ордабасы» жанкүйерлері ең керемет. Олар мені жақсы қарсы алып, Instagram-нан жазды, ойындардан соң қолдайды.

- Қазақстанға көшкенде өзіңізді еркін сезіндіңіз бе?
- Әлбетте. Қанша уақыт ойнамадым, футболды сағындым. Жарақатқа байланысты айлар бойы ойнай алмасам мейлі еді. Бірақ менде ол болмады. Қазақстанға көшіп, көңіл-күйім бірден көтерілді, футбол жайлы ғана ойлап, алаңға шығатынымды білемін. Сөзсіз, бұл жерде жеңіл. Алдағы жарты жылда (келісім-шарт осы уақытқа дейін жоспарланған) футбол мен «Ордабасы» жайлы ғана ойлай аламын.
44 views11:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 14:02:27
43 views11:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 10:26:20
«Биіктегі» жұмыс күні. Алда «Атыраумен» ойын.
Рабочий день на «Биике». Впереди матч с «Атырау».

◉ Тағы да басқа суреттер / Больше снимков: https://vk.com/album-84537454_283935499
121 views07:26
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 08:58:03
Ертең «Атыраумен» ойнаймыз! / Игра с «Атырау» - завтра!

Матч 29 шілде күні, сағат 19:00-де Шымкентте, Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтеді.

Билеттер Орталық алаңның кассаларында қолжетімді. Кассалар 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Билет құны – 500 теңге (балаларға - 300 теңге).
Сонымен қатар билеттерді ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.


Игра состоится 29 июля в Шымкенте на Центральном стадионе имени Кажымукана.
Начало игры в 19:00.

Купить билеты на матч можно в кассах Центрального стадиона имени Кажымукана. Кассы работают с 10:00 до 19:00. Цена билета – 500 тенге (детский - 300 тенге).
Так же вы можете приобрести билеты на сайте ticketon.kz.

#ОрдабасыАтырау
135 views05:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 19:30:30
«Ордабасы» - «Атырау» ойынының дәл есебін тауып, «ВИЗиТ» зауытынан таңдаулы сусындарды ұтып ал

Жеңімпаз тек Instagram парақшасында таңдалады. Сондықтан жауаптарыңызды осы жерге жазыңыз.

Угадайте счёт в матче «Ордабасы» - «Атырау» и выиграйте море вкуснейших напитков от наших партнёров - компании «ВИЗиТ» @vizit.napitki_kz

Победителя, кто первым напишет правильный счёт в матче, будем выбирать только на странице в Instagram. Поэтому пишите свои ответы тут.

https://www.instagram.com/p/CghbuWDjFF_/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
48 views16:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 06:17:20 Осы жума күні, 29 шілдеде, OLIMPBET-Қазақстан Кубогының 4-ші турында шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында «Атырау» командасына қарсы ойнайды.

Кездесу Шымкентте, Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтеді.
Ойын басталуы - 19:00.

Билеттер Орталық алаңның кассаларында қолжетімді. Кассалар 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Билет құны – 500 теңге (балаларға - 300 теңге).
Сонымен қатар билеттерді ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.


В эту пятницу, 29 июля в рамках 4-го тура OLIMPBET-Кубка Казахстана шымкентсткий «Ордабасы» сыграет на родном стадионе с командой «Атырау».

Игра состоится на Центральном стадионе имени Кажымукана.
Начало игры в 19:00.

Купить билеты на матч можно в кассах Центрального стадиона имени Кажымукана. Кассы работают с 10:00 до 18:00. Цена билета – 500 тенге (детский - 300 тенге).
Так же вы можете приобрести билеты на сайте ticketon.kz.

#ОрдабасыАтырау
118 views03:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 06:17:18
113 views03:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 18:52:04
«Ордабасы» мен Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Эльхан Астановтың қолы қойылған ЭКСКЛЮЗИВТІ ЖЕЙДЕСІН ұтып алыңыз

Байқауға қатысу үшін:
- @fc_ordabasy / @vizit.napitki_kz парақшаларына тіркелу;
- @vizit.napitki_kz - парақшасындағы дәл осындай пост астына 3 досыңызды белгілеу қажет.

Пікірің көп болған сайын ұтатын мүмкіндік те көп болады!

Супер ұтыстың жалғыз иесі атан!

Байқау 1 тамызға дейін жалғасады және 5 тамызда біз @vizit.napitki_kz парақшасында жеңімпазды анықтаймыз.

Выиграйте ЭКСКЛЮЗИВНУЮ ФУТБОЛКУ игрока «Ордабасы» и сборной Казахстана Эльхана Астанова с его автографом

Для участия в конкурсе необходимо всего лишь:
- Быть подписанным на аккаунты @fc_ ordabasy / @vizit.napitki_kz ;
- Отмечайте трёх друзей под аналогичным постом на странице @vizit.napitki_kz

Чем больше комментариев, тем больше шансов у тебя!

Стань единственным обладателем супер приза!

@astanov.e10
168 views15:52
Ашу / Түсініктеме