Get Mystery Box with random crypto!

SPORT SHYMKENT

Telegram арнасының логотипі pfcordabasy — SPORT SHYMKENT S
Telegram арнасының логотипі pfcordabasy — SPORT SHYMKENT
Арна мекенжайы: @pfcordabasy
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 412
Арнадан сипаттама

👟⚽️ Шымкенттік футбол және жалпы оңтүстік спорты жайлы басты парақша.
📡 Жаңалықтар // Новости
🗣️ Тың ақпараттар // Инсайды
🎙️ Сұқбаттар // Интервью
🤡 Басқа да қызықтар // Много интересного
🤔 Ойланамыз… // Подумаем вместе…

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 11

2022-07-14 14:15:00
Сәттілік, @m.v.11_
46 views11:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 13:25:39
Шымкенттік футбол мектебінің түлегі мен «Ордабасы» ойыншысы Максим Ваганов маусым соңына дейін «Каспий» сапында жалға ойнайды.

Ойыншы «Каспий» үшін 81 нөмірмен өнер көрсетеді.

Максимға сәттілік тілейміз

Воспитанник шымкентской школы футбола и игрок «Ордабасы» Максим Ваганов перешел в «Каспий» на правах аренды до конца текущего сезона. Игрок будет выступать за «Каспий» под номером «81».

Желаем удачи Максиму
76 views10:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 19:06:19
Пікір алаңына, клубты не нәрсемен байланыстыратыныңызды жазыңыз

Ең тапқыр пікір үшін сізді сыйлықтар күтуде
77 views16:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 18:23:50
Валида Ташметова - «Қайрат» пен «Ордабасы» ойынының есебін алғаш болып тапты
35 views15:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 17:17:31
Кешкі жаттығу
81 views14:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 09:11:17 Бауыржан Абдубаитов: «Біз қаржы тұрғысынан қиын жағдайдамыз».

«Ордабасы» осы маусымда ең жас әрі бюджеті аз команда ретінде жарқын ойын көрсетуде. Шымкенттік клубтың президенті Бауыржан Абдубаитов берген сұқбатында ҚПЛ-дағы екінші орынды қалай қабылдайтыны, Эльхан Астановтың РПЛ-ға кету мүмкіндігі және бұрынғы ойыншылар алдындағы қарыздар жайлы айтып берді.

- Бауыржан Тойшыбекұлы, «Ордабасы» - Қазақстан чемпионатының басты сенсация болар, команда екінші орынға табан тіреп тұр. Сіз бұл нәтижені күттіңіз бе?
- Өзіңіз білесіз, мен команданы чемпионат басталуына 10 күн қалғанда қолға алдым. Бұл өте қиын сәт болды, себебі командада 11 ғана ойыншы, оның үшеуі қақпашы және бірде-бір легионер болмады. Сол кезде барлығымен байланысқа шығып, көмек сұрадым. Бюджетіміздің аздығына байланысты барлық мүмкіншілікке қуана қарадық. Меніңше, біз командаға жақсы жас ойыншыларды жинай алдық, олар бағаны көтермей, қатарға қосыла кетті. Екінші орынға келетін болсақ, әзірге саралау ерте. Біз көптеген ойынды өз алаңымызда өткізгенімізді ұмытпауымыз қажет, алда сырт алаңдағы ауыр кездесулер күтуде. Келесі 4-5 турдан соң қорытынды шығаруға болады деп ойлаймын.

- Осы маусымда Эльхан Астанов «Ордабасы» көшбасшысы атанды. Оған ресейлік клубтар қызығушылық танытуда деседі. Бұл рас па?
- Астановқа қатысты нақты мәлімет жоқ. Алайда, мен, Эльхан және өзге жас ойыншылардың «Ордабасы» тәрбиеленушілері болғанына қуанамын. Әлбетте, көптеген жігіттердің қайраты арта түсті. Бірақ, бүгінгі таңда біздің бақылауымызда 2003, 2004, 2005 жылғы талантты ойыншылар бар. Біздің қазіргі мақсатымыз - оларды Астановтың деңгейіне немесе одан да биік деңгейге жеткізу.

- «Ордабасы» Астанов жайлы ұсыныстарды қарастыруға дайын ба?
- Біз қаржы тұрғысынан қиын жағдайдамыз, сол үшін ойыншылардан айырылғымыз келмейді, олар онсызда аз. Әрине, көптеген жағдайлар орын алуы мүмкін, бірақ дәл қазір біз оны сақтап қалғымыз келеді. Біздің клубтық саясатымыз: ойыншыларды тәрбиелеп, жарқын болашағын көрген жағдайда оларды сату, сонымен қатар біз өз-өзімізді де қамтамасыз ету қажетпіз. Алайда бұл болашақта. Қазіргі таңдағы жоспарымыз - қарыздарды жауып, трансферлік баннан құтылу және ойыншыларды тіркеу. Клуб қарызға белшесінен батқан, мұндай чемпионат тарихында ешқашан болмаған, десе де біз оларды жабу үшін барлығын жасаудамыз.

- Егер банды алып тастаса, командаға Акмаль Бақтияров пен Максим Федин қосылады ма?
- Ауызша келісім бар. Егер баннан құтылсақ, олармен келісім-шартқа отырамыз.

◉ Айта кетейік, Абдубаитовтың сұқбаты 9 шілде күні алынған, ал осы аптада бізге белгілі болғандай шымкенттік клубтан трансферлік бан алынып тасталған және олар қазір ойыншыларды тіркеуді бастап кетті.

Vesti.kz
124 viewsedited  06:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 09:11:15
124 views06:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 17:35:16
«Ордабасы» футбол клубы серіктестерімен бірге байқау жариялайды

Біз ойнататын заттар:
1. ВИЗиТ-тен сусындар блогы
2. АЙSU-дан ауыз су блогы
3. «INVICTUS GO» фитнес-клубынан екі кісілік визит картасы
4. ThePapa-дан сертификат
5. Футболшылардың қолтаңбасы бар доп

Байқауға қатысу үшін:
1. @fc_ordabasy | @invictusgo.shymkent | @vizit_kazakhstan | @thepapa.kz парақшаларына тіркелу
2. Осы пост астына 3 досыңызды белгілеу;
3. Парақшамыздың және серіктестеріміздің парақшаларындағы соңғы 5 постқа басу;

Байқау нәтижелері 17 шілде күні жарияланады. Бәріңізге сәттілік
93 views14:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 15:53:01
Біз - бір командамыз
113 views12:53
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 19:02:29
Суреттегі көлеңкеге қарап: бұл қай ойыншы және қандай ойын екенін тауып көріңіз
99 views16:02
Ашу / Түсініктеме