Get Mystery Box with random crypto!

«Ордабасының» үш бірдей ойыншысы OLIMPBET-Қазақстан Чемпионаты | SPORT SHYMKENT

«Ордабасының» үш бірдей ойыншысы OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының 3-турының үздіктер құрамына енді.

Орталық қорғаушы: Одилбек Абдумажитов («Ордабасы»);

21 жасар Абдумажитов қарсылас айып алаңына 4 рет доп асырды, 16 күресті жеңді және 6 мәрте допты тартып алып, бұл көрсеткіш бойынша бәрінен озды.
Іс-әрекеттер индексі - 243.

Оң қаптал қорғаушысы: Аслудин Хаджиев («Ордабасы»);

«Ордабасы» қорғаушысы 9 күресті жеңіп, үш мәрте допты тартып алды және қарсылас айып алаңына 4 рет доп асырды, осылайша командасына «Ақжайықты» жеңуге көмектесті. Іс-әрекеттер индексі - 234.

Шабуылшы: Эльхан Астанов («Ордабасы»)

Астанов турдың ең көп соққы жасаған ойыншысы атанды. «Ақжайық» қақпасына 7 соққы жасап, 4 қауіпті сәт тудырды және соның бірінде өз есебіне бір нәтижелі пас жаздырды. Іс-әрекеттер индексі - 239.