Get Mystery Box with random crypto!

Жатақханада аман қалу нұсқаулығы. Апайкалармен жақсы қарым-қат | ПЕРВАШ❤️

Жатақханада аман қалу нұсқаулығы. Апайкалармен жақсы қарым-қатынаста болу және өз орнынан қалай айырылмай қалу туралы айтып берейін.

1. Жатақханаға өзіңізбен бірге төсек, матрас пен 10 көрпе алудың қажеті жоқ. Тіркелу кезінде сізге төсек беріледі, ол бір/екі апта сайын жуылып, ауыстырылады. Сіздің жүгіңіз тек жеке заттар мен ыдыстардан тұруы керек. Болды.

2. Жатақханада электр құралдарын пайдалануға тыйым салынады, сондықтан егер сіз шашыңызды кептіргішпен кептіргіңіз келсе немесе электр шәйнегінен шай ішкіңіз келсе, барлығын жасыруыңыз қажет. Бұл тәртіп бұзушылық үшін қатаң жазалайды.

3. Болашақта кейбір мәселелер туындамасын десеңіз, бөлмені басынан бастап таза ұстаңыз. Әрбір қабаттың ішінде, ай бойы ең лас бөлмесі деген атау бар, ол тiзiмге түспеуге тырысыңыз. Әр кеш сайын, апайкалар тексерулер жүргізетін болады, сол себептен бөлмені жиірек тазалау керек.

4. Студенттік үйлер, дәл сағат 23.00-де жабылады, ал үлгермегендер көшеде/комп-клубта түнейді. Апайкалармен жақсы танысатын болсаңыз, кіргізуі да мүмкін, ол жағдайда бәрі сіздің қолыңызда болады. Апайкалар - бүкіл жатақхананың күші мен билігі.

5. Уақыт, қаражат пен жүйке жүйесін сақтау мақсатында, бірге тұратын адамдармен тамақ дайындау, бөлмені жинау, азық-түліктерді сатып алу жұмыстарын алдын ала бөліп, келісіңіз. Сендер үшін мұның пайдасы көп, себебі 24/7 уақыт бойы ас дайындау қажет емес, және ақша үшін қатты уайымдау себеп жоқ.

6. Бөлмеге орналасқаннан кейін сізді мыңдаған түрлі іс-шараларға қуа бастайды. Ол жерге бару МІНДЕТТІ ЕМЕС және сізді мәжбүрлеуге ешкімнің құқығы жоқ, әйтпесе қоныс аудару туралы келісім шартын алып, бұл жағдайды талқылаңыз. Әр түрлі іс-шараларға барып, қатысқан үшін "ұпайлар" беріледі, олардың көмегімен 2 курста да тұруға болады, тек ұпайлар жеткілікті болса ғана. Бұл туралы сол жерге барғаннан кейін көбірек білетін боласыз.

Сәттілік серіктеріңіз болсын, студенттік өмірді толықтай сезіну тілеймін, сәті сіздерге де түседі, деп үміттемін.

https://t.me/pervashkz