Get Mystery Box with random crypto!

Кешегі сұхбаттан үзінді . «Ақ жол» демпартиясы бұрынғы жүйені | Азат Перуашев

Кешегі сұхбаттан үзінді .
«Ақ жол» демпартиясы бұрынғы жүйенің орнына қандай жаңа саяси жүйені құруды ұсынады?
Әділ сайлау - жалғыз, әрі ең басты қадам емес.
Бастысы - билік тармақтары арасындағы тежеу ​​мен тепе-теңдіктің нақты балансын құру, қазіргі саясаттағы монополия мен мемлекеттік басқарудағы бақылаудың жоқтығын еңсеру. Бұл туралы президент Қ.Тоқаев конституциялық реформаны таныстыра отырып, биылғы жылдың 16 наурызындағы Жолдауында айтқан болатын. Олсыз мемлекет басшысы ұсынған «мықты президент - ықпалды парламент - есеп беретін үкімет» вертикалін жүзеге асыру мүмкін емес, себебі, парламент пен мӘслихаттар Үкімет пен әкімдіктердің айтарлықтай тәуЕлділігінде жатыр, керісінше емес.
«Ақ жол» демпартиясы бюрократияның президенттің конституциялық реформасына саботаж жасап, оны тежеу үшін барын салып жатқанын көруде. Сондықтан жаңа саяси жүйеге деген өз көзқарасын ұсына отырып, бұл реформаның тұтастай жүзеге асырылуын талап етеді (толығырақ - сұхбаттың толық нұсқасында

)