Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін белгілі әлихантанушы, алаштанушы ғалым, философия ғылымд | Азат Перуашев

Бүгін белгілі әлихантанушы, алаштанушы ғалым, философия ғылымдарының докторы, Алаш институтының жетекшісі Сұлтан Хан Аққұлы Жүсіптің 60 жасқа толған мерейтойы. Сұлтан Ханды тек үлкен қайраткер ретінде ғана емес, сонымен қатар өте қарапайым, кішіпейіл ел азаматы ретінде сыйлаймыз. Оның еңбегі мемлекетіміз бен бүкіл ел тағдыры үшін ерекше маңызды деп білеміз. Тотаритарлы жүйенің шырмауында қалып, 70 жыл бойы еліміз талай ұлттық құндылықтар мен ұстанымдарынан айырылып қалса да, бірақ осы Сұлтекең сияқты ұлтшыл азаматтардың еңбегі мен ерлігі арқасында халқымыз сол құндылықтарға бет бұрып, қайта жаңғыртып жатыр. Алаш атын елімізге қайтарып, Алаш ұстанымдарын зерделеп, XXI ғасыр үстінде заман талаптарына сай келтіру үлкен ерлік. Сұлтекеңе зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жаңа табыстар және биік шыңдарды бағындыруын тілейміз.