Get Mystery Box with random crypto!

Әлеуметтік желіде Қазақстан мен Кипр арасындағы қылмыскерлерді | Азат Перуашев

Әлеуметтік желіде Қазақстан мен Кипр арасындағы қылмыскерлерді өзара тапсыру туралы келісімге қатысты дау басылмай тұр. Пікірталас негізінен Б. Байбекке қатысты, дегенмен, кейбір басылымдар мәселе Еуроодақтың мүшесі болып табылатын грекиялық Кипр туралы екендігін атап өтті, ал, Алматының бұрынғы әкімі әрі Нұр-Отанның жетекшісі халықаралық қауымдастық мойындамаған Солтүстік Кипрде көзге түскен секілді.

Кейбір интернет ресурстарының хабарлауынша «ескі Қазақстанның» жемқорлары Кипр Республикасында жүрген көрінеді.

Осыған байланысты «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының 2013 жылғы 3 сәуірдегі Премьер-Министрге (ол кезде – С.Ахметовке) жолданған Кипр Республикасында қазақстандық жемқорлардың шығарған қаражаттарын анықтап, оны елімізге қайтару қажеттігі туралы депутаттық сауалы еске түсіп отыр.

Бұл «Ақ жол» демпартиясының оффшорсыздандыру жөніндегі жұмысындағы бірінші депсауалы еді, одан кейін жыл сайын фракция Үкімет пен Бас Прокурорға Панама ісі, Жұмақ тізімі, Швейцарияда 82 қазақстандықтың жарты миллиард долларлық банк шоттарының табылуы, Еуропарламент, Латвия, Ұлыбритания, Швейцария және т.б депутаттарымен осы бағыттағы кездесулер туралы көптеген депутаттық сауалдар мен өтініштер жолданған. Содан бері «Ақ жол» демократиялық партиясы олигархтардың заңсыз капиталын қайтаруды маңызды басымдықтардың бірі деп санайды, 2016 жылдан бастап бұл тақырып партияның саяси бағдарламасына енгізілген. Бүгінде біз бұл жұмысты жалғастырудамыз.

Барлығы қалай басталғаны жөніндегі иллюстрация үшін депсауалдың өзін ұсынамын.

Тағы бір айта кететін жайт, сол кезде бізге «Кипр Республикасында қазақстандық азаматтардың қаражаты жоқ» және Ұлттық банк мұндай қаржылық операцияларды «тіркемеген» деп жауап берген еді. Сол жылдары-ақ заңсыз қаражатты шығару тікелей емес, ізін жасыру үшін бірнеше аралық байланыстар арқылы жүзеге асырылатыны белгілі болды. Тек үкімет те, Ұлттық банк те жағдайды нақты зерттеуге мүдделі болмаған сияқты. Бүгінде сотталған (ол кезде жеке банктің басшысы болған) Жомарт Ертаев сол уақытта Ұлттық банктің жауабына түсініктеме бере отырып, өзінің деректері бойынша Кипрде кем дегенде 1-2 миллиард доллар қазақстандық капитал бар екенін атап өткен болатын.

Сондай-ақ, біздің тақырыпқа қызығушылық танытуымызға Кипрдің (Еуроодақтың өтініші бойынша) Кипр банктеріндегі жеке есепшоттардағы қаражаттың 80% тәркілеу туралы шешімі себеп болғанын еске сала кетейік. Ал менің ойымша, бұл шоттардың иелері өз үкіметтеріне қорғау үшін жүгінбегенінің өзі оларда орналасқан қаражаттың заңсыз шыққанының дәлелі.

Айтпақшы, көп жылдардан кейін мен Кипр Республикасы Парламентінің спикерімен (кейіннен сыбайлас жемқорлық үшін сотталған) сөйлескенімде, ол посткеңестік елдердің кейбір олигархтары өз капиталын тәркілеуден аман алып қалғанын растады, «кіммен келіссөз жүргізу керектігін білу керек». Сауалдың толық нұсқасын оқып көріңіздер.

https://akzhol.kz/kk/blog/migrated_1043