Get Mystery Box with random crypto!

Ағымдағы жылдың тамыз айының 4 күні ' Ақ жол' Демократиялық па | Азат Перуашев

Ағымдағы жылдың тамыз айының 4 күні " Ақ жол" Демократиялық партиясынан сайланған Шымкент қалалық мәслихатының депутаты НАЗИПА ДАРХАНБАЙҚЫЗЫ МАМЫҚОВА
Абай ауданына қарасты Агроферма, Қарасу 687 елді мекені тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындармен төмендегі мәселелер талқыланды:
   -Мектеп;
   -Балабақша;
  - Ауыз су;
  - Табиғи газ;
  - Ауыл ішіндегі автокөлік және жаяу жүргіншілер жолдары;
  - Ауыл ішін көгалдандыру;
  - Қоқыс-қалдықтар;
  - Ауыл ішін жарықтандыру;
  - Ауыл ішіне бейнебақылаулар орнату.
 
Ибрагимова Розагуль, Агроферма тұрғыны:
⁃ Мен осы жерде тұрғаныма 10 жылға жуық уақыт болды.  Өзім көпбалалы анамын. Әлі күнге дейін ауыз су мәселесі өз шешімін таппады. Апта сайын су тасымалдаушы су әкеліп береді. 400 литрден артық алсақ ақша төлейміз. Ол кейде жетсе, кейде жетпей қалады.Қалалық әкімдікке де арзынданып бардық, бірақ қараусыз қалуда. Сметалық құжаттары бар әзірленген деп жыл сайын бюджеттен қыруар қаржы бөлініп, тендермен әркім ұтып алып жасалынбай сол күйі қалып кетеді.Биыл су кіргіземіз деген құрғақ сөз, бос уәделерімен бірнеше  жыл өтті. Нұр Отан, Ауыл партияларының депутаттарына да айтып жатырмыз. Бірде бір әрекет жоқ. Жанайқайымызды түсінер жан жоқ. Бізге табиғи таза су қажет!
Тұрып жатқан жерімізде 350-400-ге жуық отбасы бар. Әр отбасыда кемінде 3-5 бала бар. Мектеп не балабақша жоқ. Балаларымызды білімге, еңбекке баулыйтын үйірмелерге бергіміз келеді. Орталыққа апаруға бірінің жағдайы жетсе, енді біріміздің жағдайымыз жетпейді. Мектеп керек!
Интернет мәселесі. Байланыс өте нашар. Балаларымыздың мектепке баратын уақыты жақындады. Дәл қазіргідей пандемиялық жағдайда қайтадан онлайн форматта оқитын болсақ балаларымыз қалай білім алады? Арнайы құрылғыларды орнатуға бәрінің шамасы жетпейді. Бұны ойлап жатқан кім бар?
“Жол азабын жүрген білер” демекші ауыл арасындағы автокөлік және жаяужүргіншілер жолын жүргізіп, жарықтандырса дейміз. Жауын-шашында көшелер лай батпақ болып жүре алмаймыз. Көршілермен бірлесе жүріп ақша жинап, осы көшеге жол төседік. Басқа көшелерде ешқандай жол жоқ.
Жекеменшік фирмалар газ кіргізіп жатыр. Шамасы жеткендер несие алып үйлерімізге көгілдір отынды кіргіздік. Мемлекеттік табиғи газ берілсе нұр үстіне нұр болар еді.
Күл-қоқыс мәселесіне келер болсақ... Қоқыс қалдықтар, малдың өлекселерін әкеліп тастайды.  Дем алу мүмкін емес. Әкімшілік келіп жауып кеткенінен пайда жоқ. Күн-түн демей адамдар қоқыстарын тастайды. Міне, біздің жағдай. Кешкен күйіміз осы...
 
Базарбаева Гулчехра, Агроферма тұрғыны:
– Мен көпбалалы анамын. Осы аумақта көп жылдан бері тұрамын. Бізде ауыз су мәселесі қиындық туғызуда. Бұны айтып қаншама жерге арыздандық, табанымыздан тоздық. Дегенмен, баяғы жартас сол жартас. Әне-міне орындаймыз деп жоқ болады. Не үшін? Білмейміз. Сөзімізге құлақ асқан ешкім жоқ. Жыл сайын мәселеміз қараусыз қалуда. Құрғақ сөз, бос уәделерден шаршадық. Іспен дәлелденсе екен.
Аумаққа көгалдандыру жұмыстарын жүргізу керек. Көшелерге асфальт төсеп, жарықтандыру жүргізсе екен. Маңайымызға қоқыс-қалдықтарды әкеліп тастап кетеді. Малдың өлекселерін әкелеледі. Кейде тыныс алу мүмкін болмайды. Бейнебақылаулар қойып осы мәселелердің алдын алса дейміз. Бір тоқтам болса екен.
 
Мемлекеттің басты қазынасы - адам және оның қауіпсіздігі. ҚР Ата заңында осылай жазылған. Дегенмен жүзеге аспайтын құр жазудан қайыр қанша? Осылай ашынған қара халықтың базынасын зерделеп, халықтың жанайқайын тыңдап қайтқан “AQJOL" партиясынан Қалалық мәслихатқа сайланған халық қалаулысы жоғарыда аталған мәселелерді өз назарларына алып, жергілікті билікпен алдағы уақытта заң аясында шешу жолдарын қарастырып, әлеуметтік желілер  және БАҚ арқылы жариялайтын айтты. Әр аптаның екінші және төртінші жұмасында Абай ауданы әкімдігінің аппаратында жеке қабылдау өткізетінін есіне салды.