Get Mystery Box with random crypto!

Құрметті достар, педагог әріптестер! Баршаңызды Отан қорғауш | Muǵalіmge kómek 🇰🇿

Құрметті достар, педагог әріптестер!

Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – батыр бабаларымыздың ерлік дәстүрін және сап түзеген сарбаздарымыздың жауынгерлік рухын дәріптейтін мереке. Осы күні Отанды сүю, елге қызмет ету, антқа адал болу сияқты қастерлі құндылықтардың да маңызы айшықтала түседі. Мұның бәрі азаматтарымыздың патриоттық сезімін арттырып, өскелең ұрпақтың өжет, қайсар болып қалыптасуына оң әсерін тигізетіні анық.

Шын мәнінде, біздің айбынды армиямыз – елдігіміз бен егемендігіміздің берік қалқаны. Сондықтан біз Отан қорғау дейтін мәртебелі міндетті абыроймен атқарып келе жатқан әскерімізді әрдайым мақтан тұтамыз.

Мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық, қуаныш, береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қарулы Күштеріміздің әлеуеті артып, қорғанысымыз күшейе берсін!

Сіздермен https://t.me/pedagogka_komek, каналымызға тіркеле кетіңіз, барлық мұғалімге қатысты арнада болыңыз