Get Mystery Box with random crypto!

ҚР Оқу-ағарту министрілінің аппарат мәжілісінде педагогтің жек | Muǵalіmge kómek 🇰🇿

ҚР Оқу-ағарту министрілінің аппарат мәжілісінде педагогтің жеке электорндық портфолиосының дизайны таныстырылды.
«Бұл жүйе – өте қажетті жүйе. Жыл аяғына дейін толығымен аяқтауымыз керек. Бірақ ішіндегі барлық тетіктері дайын болғанын күтіп отырмаймыз, біртіндеп іске қоса береміз. Бұл жүйе мектепте істейтін педагогтерге ғана емес, колледж мұғалімдеріне, балабақшадағы әріптестеріміздің бәріне тиесілі әрі қажет жүйе болады. Педагог асттестациясы да толығымен электрондық жүйе арқылы өтеді. Әр педагогтың жеке портфолиосы, білімі, санаты, тәжірибесі, жетістіктері, дипломы туралы сертификаттары, бәрі осы жүйеде болады», - деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуына қарағанда, электрондық портфолио толық іске қосылғанда мұғалімдер қағаз жүзінде құжат тапсырудан толық құтылады.

«Аттестация болсын, конкурс болсын, курсқа жазылса да, түрлі сайыстарға қатысса да электрондық портфолиосы бойынша бір кнопканы ғана басып, қажетті ақпаратты тікелей жібере салуға мүмкіндік алады», - деді ведомство басшысы.