Get Mystery Box with random crypto!

1995 жылы 30 тамызда еліміздің негізгі Ата Заңы қабылданды. Бұ | Muǵalіmge kómek 🇰🇿

1995 жылы 30 тамызда еліміздің негізгі Ата Заңы қабылданды. Бұл Қазақстан азаматтары үшін республика дамуының жаңа беттерінің басталуын білдіретін ерекше оқиға болды. Конституция жалпы тарихи тағдырмен байланысқан Қазақстан халқының бірлігін нығайта түсті. Біз баршамыз — осы кезеңде елімізде болған ауқымды жаңарулардың куәсіміз. Конституцияның өзекті ережелеріне сүйене отырып, ел тағдыры үшін өмірлік маңызы бар жаңаруларды жүргіздік: нарықтық экономиканы құрдық және демократиялық қоғамның негізін қаладық.
Конституциямыздың мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сондай-ақ жеке өзіміз, отбасымыз бен балаларымыз үшін маңыздылығын әрқайсымыздың жете бағалауымыз қажет. Сондықтан әрбір азамат конституциялық құқықтарын біліп, сол заңдарды ұстануы керек. Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, амандық-саулық, молшылық, ашық аспан мен Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлдене беруін тілейміз!