Get Mystery Box with random crypto!

БҮГІН – АБАЙ КҮНІ Бүгін түркі әлемінің ортақ мақтанышы, | Muǵalіmge kómek 🇰🇿

БҮГІН – АБАЙ КҮНІ
Бүгін түркі әлемінің ортақ мақтанышы, қазақтың ұлы тұлғасы — АБАЙ КҮНІ! Абай Құнанбайұлы ғұлама ғалым, ойшыл ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы. Абай – дала философы. Абай шығармашылығы әлемдік туындылар қатарында орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы. Жас толқын үшін Абайдың өсиеттері мен өнері асыл қазына.
Ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Абай шығармалары француз, ағылшын, орыс, араб, испан, қытай, түрік, жапон, неміс, италия, грузин, иврит, қырғыз, малай, монғол, нидерланд, португал, украин, өзбек, хинди тілдеріне аударылып, жеке-жеке кітап болып шықты.
Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елімізде жаңадан құрылған үш облыстың біріне Абай есімі берілді. Одан өзге Республика бойынша 31 елді мекен, 1300-ге жуық көше мен даңғыл, 100-ден аса білім мекемесі ойшыл ақынның есімімен аталады.