Get Mystery Box with random crypto!

Достар! 5 маусым – еліміз үшін өте маңызды күн. Бұл күні әр | Muǵalіmge kómek 🇰🇿

Достар!

5 маусым – еліміз үшін өте маңызды күн. Бұл күні әр азамат мемлекетіміздің бағытын айқындауға тікелей атсалыса алады.

Ата Заңымызға күнделікті өмірімізге, құқықтарымыз бен мүмкіндіктерімізге әсер ететін маңызды өзгерістер енгізіледі. Бұл әділетті мемлекет құрудағы ең маңызды қадамның бірі.

Барша әріптестерімізді, білім мен ғылым саласының қызметкерлерін, студенттерді және отандастарымды референдумға қатысуға шақырамыз.

Үйде үнсіз отырып, жеке таңдау жасауға мүмкіндік беретін конституциялық құқығыңызды пайдаланбай, жаңа болашағыңызды құра алмайсыз. Не болмаса бұл өзгерістерді үнсіз мақұлдап, барлық өзгерісті дұрыс деп айту және «барлық танысымыз оларды қолдап отыр, сол себепті қатысудың қажеті жоқ» деген позиция да дұрыс емес.

Әр адам сайлауға қатысып, елі, қаласы, отбасы және жақындары үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс.

Біздің болашағымыз бен еліміздің жарқын болуы жауапкершілікті қаншалықты сезініп, мойнымызға алғанымызға байланысты.


Әр дауыс маңызды!