Get Mystery Box with random crypto!

Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Жайық өзеніне батып кет | PARANOIA.KZ

Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Жайық өзеніне батып кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл деректі Махамбет ауданының әкімдігі мен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы растады.

Оқыс оқиға туралы департаменттің диспетчер пультіне 31 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 22:38-де хабар берілген.

Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш Ортақшыл ауылының тұсында Жайық өзеніне суға түскен. Бірақ судан кері шықпай қалған.

Оқиға орнына департаменттің жедел құтқару жасағынан 3 сүңгуір іздеу жұмысына кірісті. Әзірге суға кеткен әкімнің денесі табылған жоқ.

Ринат Жанқылыш Махамбет ауданының әкімі лауазымына 2021 жылғы ақпан айында тағайындалған еді. Ол 1982 жылы 2 желтоқсанда Атырау қаласында дүниеге келген.