Get Mystery Box with random crypto!

Жаңа оқу жылының басталу қарсаңында ата-аналарға айтылған өте | ....

Жаңа оқу жылының басталу қарсаңында ата-аналарға айтылған өте əсерлі өсиет...

Шейх Солих Фаузан (хафизаһуллаһ) айтты:

Қазір жаңа оқу жылы басталуда. Соған орай ата-аналар балаларын мектепке тапсырумен білек түре шұғылдануда. Соған байланысты əкесі баласын өз көлігімен мектепке тасып жатады немесе оны таситын бір жүргізушіні жалдайды немесе мектепке барып-келу үшін баласына жеке көлік сатып алып береді. Бастысы, əкесі баласының дүниелік жағдайын немқұрайлы тастап қойған жоқ. Алайда, əкесі баласын мешітке алып келуге мəн берді ме? Немесе мешіттен кешігіп қалса, оны іздеп-сұрастырды ма? Немесе баласының иманы мен дініне пайдалы болған діни дəрістерді өзі беруге не болмаса салихалы адамдарға бергізуге көңіл бөлді ме? Немесе баласын Аллаһты еске алатын орындарға (мешіт-медреселерге) алып баруды ойластырды ма? Əлбетте жоқ. Өйткені, оның бар уайымы баласының мектепке барып-қайтуы жəне сабақтарында үздік болып шығуы ғана. Бұл (яғни, оқушының сабақты жақсы оқуы) — негізінде жақсы нəрсе əрі оның ешбір жазығы жоқ. Бірақ та, ата-ана баласының тек дүниелік сабақтарына ғана мəн берумен шектеліп қалмау керек. Себебі, одан да маңыздырақ нəрсе бар. Ол нəрсе — əкесі баласын мешіт-медреселерге, діни дəрістерге алып бару жəне оны жаман достардан сақтау. Өйткені, кəзіргі таңда адамдардың арасында арсыз да арам ойлар кең таралуда. Есірткілер мен ішімдіктер ашық та жасырын түрде кеңінен сатылуда. Сендер осының барлығын көріп-біле тұра, балаларың мен елдеріңе көңіл бөлуден қайда қалдыңдар? Елдерің сана-сезім, мінез-құлық жəне дін тұрғысынан астан-кестен болып, құрдымға ұшырауда. Ал, сендер болса осының барлығын тамашалап қарап тұрмақшысыңдар ма немесе жауапкершілікті басқа біреулерге жүктемекшісіңдер ме?!

#bala_tarbiesi #aserli_nasihat

http://t.me/paidalar

instagram.com/paigambarlar_mirasy