Get Mystery Box with random crypto!

Сопыларға жауап (1). Өлілерден (әруақтардан) медет тілеу – ши | ....

Сопыларға жауап (1).

Өлілерден (әруақтардан) медет тілеу – ширк

Ханафилердің үлкен ғалымы – имам әл-Ма’суми (рахимаһуллаһ) айтты:

طلب المَدَد مِن الميت: شِرك وكفر وضلال في الدِّين الإسلامي، والشرع المُحمدي، والمذهب الحنفي، بل المذاهب الأربعة إجماعًا. وقائلها مُشرِك لا تصح صلاته، ولا صيامه، ولا حجُّه، ولا إمامته، إلا إذا تاب وآمَن وأعلن توبته، كما أشهر شِركه. ولا شك أنَّ كون تلك الكلمات شركًا وكفرًا وضلالًا: ثابت بالكتاب، والسُّنة، وإجماع الأئمة مِن الصحابة والتابعين والسَّلف الصالحين. كما هو مْصرَّح به في الكتب الفقهية الحنفية المُعتبرة كافة.
وكذا مُعتبرات مذهب الشافعية والمالكية والحنابلة.

«Өлілерден (әруақтардан) медет тілеу (жәрдем сұрау) – Ислам дінінде, пайғамбарымыздың ﷺ шариғатында, соның ішінде Ханафилердің мазһабында, тіпті төрт мазһабтың барлығында ширк, күпір әрі анық адасушылық болып саналады. Ал, оны айтатын адам (Аллаһтан медет сұрау рұқсат дейтін немесе медет тілейтін адам) – мүшрік (Аллаһқа серік қосушы) деп танылады. Сондай-ақ, оның намазы да, оразасы да, қажылығы да және имамдығы да түкке жарамайды (амалдары қабыл емес). Тек егер ширкті жария жасағаны сияқты, ширкінен жария түрде тәубе етіп, Аллаһқа иман келтірсе (Аллаһты құлшылық етуде жалғыздаса) ғана амалдары қабыл етілмек. Негізінде, оның айтып жатқан сөздері (Аллаһтан басқадан медет тілеуі) – ширк, күпір әрі ашық адасушылық екені Құранда, сүннетте және сахабалар мен табиғиндердің ижмағтарында (бірауыздан келісімдерінде) анық айтылған. Дәл сол сияқты, ол нәрсе Ханафилердің, Шәфиғилердің, Мәликилердің және Ханбалилердің сенімді фиқһ кітаптарында да тайға таңба басылғандай етіп ашық жазылған».
حُكم الله الواحد الصمد في حُكم الطالب من الميت المَدَد (ص:١٤)

——————————

Абай атамыз (рахимаһуллаһ) айтқандай:
ЖАРАТУШЫ ТҰРҒАНДА, ЖАРАТЫЛҒАННАН НЕ СҰРАЙСЫҢ?!

#қазақ_қоғамы #өзекті_мәселе #sopylarga_jauap #shirk

http://t.me/ansorussunna