Get Mystery Box with random crypto!

Заманымызда азғындық көбейіп, қоғамда құндылықтардың орны ауыс | Өз ойым | أفكاري

Заманымызда азғындық көбейіп, қоғамда құндылықтардың орны ауысып, елге зияны көп, дінімізде дәрежесі өте төмен адамдардың үлгі алар дымы жоқ жеке өмірлері қызу талқыға түсіп жатқан кезде, сіздің де жеке өміріңіз, жетістіктеріңіз жайлы жазған, айтқан сөздеріңізге адамдардың қатты қызығуы, сізді мақтап мадақтауы сіздің көңіліңізге"мен де бір жетістікке жеттім", "менің өмірімде де жұрт қызығарлық өнеге бар екен ғой" деген ой салмауы керек.

Бізге шынайы үлгі, өнеге болатын адамдар көп, бірақ солармен салыстырар болсақ, өмірімізде айтарлықтай ештеңеге жетпегенімізді, бізге жетістікке жетерден алдын әуелі ниет пен ықыласымыздың өзін дұрыстауымыз керек екенін түсінеміз.

Өзіміз жайлы айта бермейік, жақсы боп жатсақ, ықылас ниетіміз қабыл болып жатса, салихалы жандар өздері-ақ айтады, жазады...

@oz_oyim