Get Mystery Box with random crypto!

Сұсты кісі екен. Жоқ, жауқабақ, түкіс емес. Аса реңді, қыр мұ | Өз ойым | أفكاري

Сұсты кісі екен. Жоқ, жауқабақ, түкіс емес. Аса реңді, қыр
мұрынды, тұнық қара көзді, дөңгелете қойған бурылша сақалы өтe
кескінді, келбеті сəл тəкаппарлау, бірақ үні жұмсақ, сөзі жібектей,
дөрекіліктен бір белгі жоқ, аса иманды екені көрініп тұр. Кескін-
келбетін көріп-ақ көңілің тойғандай. Міне, мұндай молда, қожалар
қалың халықты аузына қарата алады. Сөзіне, Құдайдың құдіретіне
сендіре алады. Амал жоқ, тəнті боласың.

Ал енді, баз бір молда бар. Бетінде бір тал қылпық жоқ, майға
қуырған бидайдай жып-жылтыр. Ондай беттің қай жеріне иман
ұялайтыны белгісіз. Сорлатқанда сондай молда көп.


Саид – Акбардың жөні бөлек. Бұл – ғұлама. Қали атамның айтуы
бұл. Бұхарда оқыған. Самарқан, Герат, Қорасан, Мəшхат
шаһарларынан тəлім алып аралаған.

"Ай мен Айша"
Шерхан Мұртаза