Get Mystery Box with random crypto!

Қазақтар дискриминация деген не екенін, қандай екенін ұмытқанд | Өз ойым | أفكاري

Қазақтар дискриминация деген не екенін, қандай екенін ұмытқандай. КСРО кезіндегі тіл, мәдениет, туған жер, діл бойынша кемсітуді әке-шеше, ата-әжелеріміз көрді. Содан туындаған жарақат пен комплекстермен жүрміз. ЛГБТ-ға көрсетіліп жатқан қарсылық осы комплекстердің салдары деуге болады: ұлттық құндылықтарды қорғау, ұрпақты сақтау, т.б. Алайда ұлттан бұрын адами құндылықтарды, адамгершілікті ұмытпайық. Бірінші кезекте біз – адамбыз. Дәлелденбеген, қисынсыз қорқыныштардың кесірінен адамдардың бір бөлігі дискриминацияға ұшырамауы керек, құқықтары мен бостандығы тапталмауы керек.
Дискриминация = зұлымдық.