Get Mystery Box with random crypto!

'Осы біздің ғасырымыздың адамы, ғалым кісі, көп құлшылық ететі | Өз ойым | أفكاري

"Осы біздің ғасырымыздың адамы, ғалым кісі, көп құлшылық ететін болған екен. Құлшылығының кемелдігі себепті Алла Тағала ол кісінің көзінің пердесін ашу арқылы өз сырларынан бір сырын ашады. Кезінде имам Ағзам Әбу Ханифа (رضي الله عنه) адамдардың дәрет алған кезінде қолдарынан аққан сумен бірге күнәларының да төгілетінін және кімнің қандай күнә істегенін көре алатын болған. Сол сияқты бұл кісі де сол жағдайдан соң адамдардың не күнә істейтінін көре алатын болған екен.

Сол кісі: "Сол қабілет берілген күні мешітте отырған кезімде адамдар біртіндеп намазға жинала бастады. Бір қарасам бір танысым келе жатыр. Оған қарағанда оның зинақор екенін, басқа танысыма қарасам оның харамнан көзін тыймайтынын, тағы басқасына қарасам оның да жасырын істейтін күнәларын көріп, қатты ашуға беріліп. оларға ұрыса бастадым. Содан әркімнің күнәсін көре беріп, адамдарға деген ашуым келе бергендіктен бір күні өзімнің ахлақ мінезімнің бұзыла бастағанын байқадым. Үйге келсем баламның күнәларын көрдім. "Мен енді бұл баламмен қалайша, қайтіп бір үйде тұрамын" деп қатты қиналдым. Содан бастап Алладан "Я Раббым, мына қабілетті менен ала көр, сырларыңды менен жасыра көр, көзімнің пердесін қайта жаба көр" деп тілейтін болдым. Сомен содан біраз уақыт өтіп, қажылыққа барғанда қағбаның жамылғысынан ұстап тұрып жылап дұға еттім. Содан бастап адамдардың күнәсін көре алмайтын болдым...", - деді.

Сол үшін бауырлар, сендерге айтар шынайы насихатым, көп зікір еткенде, тақуалық пен әулиелікке ұмтылғанда Раббымыздан көздеріңнің пердесін ашуын сұрамаңдар. Ол бір қызығатын нәрсе емес, ол оңай емес... Біз ғайыпқа иман келтірген адамдармыз. Ғайыптың ғайып күйінде қалғаны жақсы. Себебі ғайып ашылғанда оның сұрауы да ауыр болады..."

Шейх Ахмад әл Хариридің (حفظه الله) дәрісінен үзінді

@oz_oyim