Get Mystery Box with random crypto!

Шығамын тірі болсам адам болып, Жүрмеймін бұл жаһанда жаман бо | Өз ойым | أفكاري

Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл жаһанда жаман болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп, надан болып.

Мен балаң жарық күнде сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеиймін елдің бетін,
Болмасам толған айдай балқып туған.

Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,
Ойында оты барлар асылық демес.
Тебем деп тірі болсам надандықты,
Серт етіп, өз-өзіме еткем егес.

Сұлтанмахмұт Торайғыров.

#өлең