Get Mystery Box with random crypto!

Оралдық тәуелсіз журналист Лұқпан Ахмедьяров Әкімшілік құқық б | Oyan, Qazaqstan

Оралдық тәуелсіз журналист Лұқпан Ахмедьяров Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабының 6-бөлігі бойынша (заңсыз митинг, шеру немесе пикет ұйымдастырғаны үшін) 10 тәулікке сотталды.

– Біз сотта, шын мәнінде, менің сөзім алаңдағы тәртіп пен тазалықты сақтауға бағытталғанын түсіндіруге тырыстық – мен барлығына тәртіпті бұзбауды, жанжал тудырмауды және тазалықты сақтауды сұрадым. Бірақ судья мен прокурор мұны құқық бұзушылық деп есептеді, - деді Лұқпан Ахмедьяров Азаттық тілшісіне сот процесі аяқталған соң бірден телефон арқылы сөйлескен кезде.

Тағы бір журналист Махамбет Әбжан 5 қаңтарда оның үйіне полиция келгенін хабарлады. Содан бері хабар жоқ. Оның қайда екені әлі белгісіз.

Oyan, Qazaqstan өз жұмысын атқарып жүрген журналистерге қарсы қуғын-сүргінді тоқтатуды талап етеді!