Get Mystery Box with random crypto!

24 қарашада ақын, публицист, диссидент, саяси тұтқын әрі Назар | Oyan, Qazaqstan

24 қарашада ақын, публицист, диссидент, саяси тұтқын әрі Назарбаев режіміне қарсы тұрған Арон Атабек дүниеден озды. Соңғы 15 жылын ол «Шаңырақ оқиғасына» қатысты қозғалған істе айыпталып, түрмеде өткізді.

Біз, Oyan, Qazaqstan! , ақын өліміне толықтай билік кінәлі деп есептейміз. Олар Аронға заңсыз үкім шығарып, түрмеге қамады. Солардың кесірінен оның денсаулығы нашарлап, ақырында қайтыс болды.

Арон Атабек соңғы демі қалғаншс өз принциптерінен бас тартпады. Ол ешбір амнистияға келіспей, Назарбаевтан кешірім сұрамай, соңына дейін өз ісіне сенімін жоғалтпады.

Жүрегімізде қайсар қазақ самурайы боп қала бермек.

Сондықтан 28 қараша күні, сағат 12:00–де Абай ескерткішінің алдында Арон Атабекті еске аламыз. Өлең оқып, биліктен «Шаңырақ» ісіне қатысты шығарылған үкімнің заңсыз болғанын мойындауын талап етеміз.

Жылы киініп, Аронның өлеңдерін жаттап, Oyan, Qazaqstan-мен бірге әділетке қол жеткізейік.