Get Mystery Box with random crypto!

2022 жылғы 19 шілдеде «Отандастар қоры» мен Ресей Федерациясын | «Otandastar Qory»

2022 жылғы 19 шілдеде «Отандастар қоры» мен Ресей Федерациясындағы қазақтардың мәдени орталықтарының өкілдері «ZOOM» арқылы онлайн кездесті.

Кездесу барысында Ресейдегі қазақтардың мәдени орталықтары және Отандастар қорымен мәдени-гуманитарлық және іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған жалпы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Онлайн шараға Самара қаласының «Ресей қазақтарының Федералды ұлттық-мәдени автономиясы» Жалпы ресейлік қоғамдық ұйымының президенті -Дүсенбаев Тоқтарбай, Түмен облысы қазақтарының Ұлттық мәдени автономиясының төрағасы - Ибраев Есенғалий, Орынбор облысы, «Орынбор аймақтық қазақ ұлттық-мәдени автономиясы» ҚБ президенті - Балабаев Жанабай, Новосібір аймақтық қоғамдық ұйымы «Отан» Қазақ мәдениет орталығы» өкілі - Настаушева Орынкүл, Қорған облысы, Орал халықтары Ассамблеясы тексеру комиссиясының төрағасы - Оралов Қайрат, Саратов облысы, «ДОСТАР» Саратов облысының спорт және қазақ мәдениетін дамыту қоры» Басқарма төрағасы - Өтешев Ербұлат, Алтай аймағы, «Алтай Республикасы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы» аймақтық қоғамдық ұйымының жетекшісі - Кусков Темірбек қатысты.

Кездесу барысында көршілес және дос Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықты дамытуға, оның ішінде сауда-инвестициялық, туризм, мәдени-гуманитарлық салаларда жобаларды жүзеге асыру жолдары да талқыланды.