Get Mystery Box with random crypto!

“Отандастар Қорының”ұйымдастыруымен 2022 жылғы 17-28 шілдеде ш | «Otandastar Qory»

“Отандастар Қорының”ұйымдастыруымен 2022 жылғы 17-28 шілдеде шетелде тұратын 12-17 жас аралығындағы этникалық қазақ балаларына арналған жазғы лагердің өтетіндігін хабарлаймыз.
Франция, Түркия, Иран, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Ресейден 84 қазақ баласы келіп қатысуда.
Лагер Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье көлінің оңтүстік шығыс жағалауында орналасқан «IQanat High School of Burabay» мектебінің базасында өтеді.
Бағдарламасы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының тұжырымдамасына сай талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым құндылықтарына негізделген. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық болмысы (ұлттық ойындар, салт-дәстүр, өнер) мен заманауи білім, ғылым тенденцияларын (STEM, робототехника, кәсіпкерлік, жобаларды басқару, шет тілдері) ұштастырған
__

“Otandastar Qorynyñ”ūiymdastyruymen 2022 jylğy 17-28 şıldede şetelde tūratyn 12-17 jas aralyğyndağy etnikalyq qazaq balalaryna arnalğan jazğy lagerdıñ ötetındıgın habarlaimyz.
Fransia, Türkia, İran, Qyrğyzstan, Qytai, Moñğolia, Özbekstan, Reseiden 84 qazaq balasy kelıp qatysuda.
Lager Aqmola oblysy, Burabai audany, Şuche kölınıñ oñtüstık şyğys jağalauynda ornalasqan «IQanat High School of Burabay» mektebınıñ bazasynda ötedı.
Bağdarlamasy qazaqtyñ ūly aqyny Abai Qūnanbaiūlynyñ tūjyrymdamasyna sai talap, eñbek, tereñ oi, qanağat, raqym qūndylyqtaryna negızdelgen. Sonymen qatar, qazaqtyñ ūlttyq bolmysy (ūlttyq oiyndar, salt-dästür, öner) men zamanaui bılım, ğylym tendensialaryn (STEM, robototehnika, käsıpkerlık, jobalardy basqaru, şet tılderı) ūştastyrğan.

#жазғылагерь#отандастар#отандастарқоры#шетелдегіқазақбалалары#айқанат#бурабай
#otandastar#jazğılager#otandastarqory#burabay#қандастар