Get Mystery Box with random crypto!

15 шілде «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры Ернұр Көшерханұлы | «Otandastar Qory»

15 шілде «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры Ернұр Көшерханұлы және «Қазақ радиосының» бас редакторы Жанат Жүсіпұлы мен «Отандастар қоры» президенті Абзал Сапарбекұлы мен баспасөз хатшысы Нұрымжан Қасымұлы арасында екіжақты кездесу өтті.
Кездесу барысында шетелдегі қандастардың радионы көбірек тыңдау мүмкіндіктері талқыланды. Эфирде әр дүйсенбі болатын «Қандастар» хабарының маңыздылығы, әрі оның кеңінен тыңдалатыны атап өтілді. Бүгінде қарашаңырақ «Қазақ» радиосында түпкір-түпкірдегі қазақтар онлайн тыңдай алатын мүмкіндік бар. Бұл шеттегі қандастарға өте ыңғайлы әрі қажет нәрсе екені айтылды. Сондай-ақ, қандастар туралы тағыбір бағдарлама жасау мәселесі қозғалып, алдағы жоспарға енетін болды
____

15 şılde «Qazaq radiolary» JŞS Bas direktory Ernūr Köşerhanūly jäne «Qazaq radiosynyñ» bas redaktory Janat Jüsıpūly men «Otandastar qory» prezidentı Abzal Saparbekūly men baspasöz hatşysy Nūrymjan Qasymūly arasynda ekıjaqty kezdesu öttı.
Kezdesu barysynda şeteldegı qandastardyñ radiony köbırek tyñdau mümkındıkterı talqylandy. Efirde är düisenbı bolatyn «Qandastar» habarynyñ mañyzdylyğy, ärı onyñ keñınen tyñdalatyny atap ötıldı. Bügınde qaraşañyraq «Qazaq» radiosynda tüpkır-tüpkırdegı qazaqtar onlain tyñdai alatyn mümkındık bar. Būl şettegı qandastarğa öte yñğaily ärı qajet närse ekenı aityldy. Sondai-aq, qandastar turaly tağybır bağdarlama jasau mäselesı qozğalyp, aldağy josparğa enetın boldy