Get Mystery Box with random crypto!

АҚШ Конгресі кітапханасындағы сурет: киіз үй алдында отырған | «Otandastar Qory»

АҚШ Конгресі кітапханасындағы сурет:
киіз үй алдында отырған қазақтар.

Бұл фотосуретті XX ғасырдың басында Алтай таулы аймағында фотограф Сергей Иванович Борисов (1859-1935) түсірген.

Ол 1907 жылы Алтай тауларына экспедициясын бастап, 1911 жылға дейін болды. Осы экспидициясы барысында Борисов 1500-ге жуық фотосурет түсіріп,Барнаулға оралған соң, бейнеэкран арқылы жұртшылыққа көрсеткен.

Фотосуреттер Алтай тауларының шалғай түкпірлеріндегі табиғат көріністерін және осы өлкенің байырғы кейпі мен қазақ халқының тұрмысын бейнелейді.

Ашықхат түріндегі фотосуреттер Барнаулдағы Алтай мемлекеттік өлкетану музейінде сақтаулы.

Жазба @kazmuseum.kz парақшасынан алынды.
_____

AQŞ Kongresi kıtaphanasyndağy suret:
kiız üi aldynda otyrğan qazaqtar.

Būl fotosuretti XX ğasyrdyñ basynda Altai tauly aimağynda fotograf Sergei İvanovich Borisov (1859-1935) tüsırgen.

Ol 1907 jyly Altai taularyna ekspedisiasyn bastap, 1911 jylğa deiın boldy. Osy ekspidisiasy barysynda Borisov 1500-ge juyq fotosuret tüsırıp,Barnaulğa oralğan soñ, beineekran arqyly jūrtşylyqqa körsetken.

Fotosuretter Altai taularynyñ şalğai tükpırlerındegı tabiğat körınısterın jäne osy ölkenıñ baiyrğy keipı men qazaq halqynyñ tūrmysyn beineleidı.

Aşyqhat türındegı fotosuretter Barnauldağy Altai memlekettık ölketanu muzeiınde saqtauly.

Jazba @kazmuseum.kz paraqşasynan alyndy.