Get Mystery Box with random crypto!

Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 20 | «Otandastar Qory»

Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2022 жылғы 3 тамыз күні сағат 11:00-де белгілі қаламгер, қоғам қайраткері Үзбен Құрманбайұлының «ПРЕЗИДЕНТ ЖӘНЕ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» кітабының тұсаукесері өтті.

Кітап авторы Президент және «Жаңа Қазақстан» атты бұл еңбегі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» құру идеясымен астасып жатқан, парасат-пайымы мол ой-толғамдарымен құнды. Нақтырақ айтқанда, автор бұдан бұрынғы өзінің «Мейірімді қоғам, мемлекеттің қажеттілігі», «Мейірім философиясы» кітаптарындағы мейірімді қоғам құру идеясы «Жаңа Қазақстанның» сара жолы екенін дәлелдеуді мақсат тұтады.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.
__

Nūr-Sūltan qalasyndağy QR Ūlttyq akademialyq kıtaphanasynda 2022 jylğy 3 tamyz künı sağat 11:00-de belgılı qalamger, qoğam qairatkerı Üzben Qūrmanbaiūlynyñ «PREZİDENT JÄNE JAÑA QAZAQSTAN» kıtabynyñ tūsaukeserı öttı.

Kıtap avtory Prezident jäne «Jaña Qazaqstan» atty būl eñbegı Prezidentımız Qasym-Jomart Toqaevtyñ «Jaña Qazaqstan» qūru ideiasymen astasyp jatqan, parasat-paiymy mol oi-tolğamdarymen qūndy. Naqtyraq aitqanda, avtor būdan būrynğy özınıñ «Meiırımdı qoğam, memlekettıñ qajettılıgı», «Meiırım filosofiasy» kıtaptaryndağy meiırımdı qoğam qūru ideiasy «Jaña Qazaqstannyñ» sara joly ekenın däleldeudı maqsat tūtady.

Is-şarağa zialy qauym ökılderı men jastar qatysty.

#жаңақазақстан #отандастарқоры #қандастар #тұсаукесер