Get Mystery Box with random crypto!

29 шілдеде «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы | «Otandastar Qory»

29 шілдеде «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы Самара қаласындағы, «Ресей қазақтарының Федералды ұлттық-мәдени автономиясы» Жалпы ресейлік қоғамдық ұйымының бұрынғы президенті - Токтарбай Қадырғалиұлы Дусенбаевпен кездесті.
Әңгіме барысында Ресейдегі қазақ мәдени автономияларының жұмысы және жобаларымен танысылды.
Шекаралас әрі дос Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық шеңберінде, жобаларды бірлесе жүзеге асыру жолдары мен қазақ мәдени ұйымдарымен Отандастар қоры арасындағы серіктестікті күшейту тәсілдері ұсынылды.
__
29 şıldede «Otandastar qory» KeAQ prezidentı Abzal Saparbekūly Samara qalasyndağy, «Resei qazaqtarynyñ Federaldy ūlttyq-mädeni avtonomiasy» Jalpy reseilık qoğamdyq ūiymynyñ būrynğy prezidentı - Toktarbai Qadyrğaliūly Dusenbaevpen kezdestı.
Äñgıme barysynda Reseidegı qazaq mädeni avtonomialarynyñ jūmysy jäne jobalarymen tanysyldy.
Şekaralas ärı dos Resei men Qazaqstan arasyndağy yntymaqtastyq şeñberınde, jobalardy bırlese jüzege asyru joldary men qazaq mädeni ūiymdarymen Otandastar qory arasyndağy serıktestıktı küşeitu täsılderı ūsynyldy.