Get Mystery Box with random crypto!

Қоғам президенті Абзал Сапарбекұлы ҚР Президент телерадиокешен | «Otandastar Qory»

Қоғам президенті Абзал Сапарбекұлы ҚР Президент телерадиокешенінің бас директоры Кенжебаева Раужан Жанабергенқызымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында әр түрлі медиа бағытындағы жобалар талқыланды. Қазақ көшіне қатысты тың деректерді тауып, оны халыққа жеткізу жолдары қаралды. Сөз барысында «Талқыланған мәселелер бойынша жобаларды бірлесе жүзеге асыруға дайынбыз»-деді Раушан Жанабергенқызы.
А.Сапарбекұлы, кілең кәсіби деңгейі жоғары өз ісінің майталман мамандарды жиналған ұжымның жұмысына алдағы уақытта да сәттілік тілейітінін айтты.


Айта кетейік, ҚР Президентінің Телерадиокешені 2021 жылы әлеуметтік желілерінде 464 бейнеролик жариялаған.
Олардың ішінде:
- Мемлекет басшысының қызметі туралы 290 бейнеролик;
- ҚР Президентінің Instagram-дағы аккаунтында 18 бейнеролик жарыққа шықты;
- Мемлекет басшысының қызметінің қорытындысы бойынша жыл басынан бері апта сайынғы 104 бейнеролик дайындалды;
- Президенттің мемлекеттік/ ресми/ жұмыс сапарларынан 39 бейнешолу.
Мемлекет басшысының аймақтарға және шетелдерге жасаған сапарлары, тапсырмалары мен Қазақстан халқына арналған Жолдау аясында 40-тан астам деректі және қысқаметражды фильм түсірілген.
__
Qoğam prezidentı Abzal Saparbekūly QR Prezident teleradiokeşenınıñ bas direktory Kenjebaeva Raujan Janabergenqyzymen kezdesu ötkızdı.
Kezdesu barysynda är türlı media bağytyndağy jobalar talqylandy. Qazaq köşıne qatysty tyñ derekterdı tauyp, ony halyqqa jetkızu joldary qaraldy. Söz barysynda «Talqylanğan mäseleler boiynşa jobalardy bırlese jüzege asyruğa daiynbyz»-dedı Rauşan Janabergenqyzy. 
A.Saparbekūly, kıleñ käsıbi deñgeiı joğary öz ısınıñ maitalman mamandardy jinalğan ūjymnyñ jūmysyna aldağy uaqytta da sättılık tıleiıtının aitty.
Aita keteiık, QR Prezidentınıñ Teleradiokeşenı 2021 jyly äleumettık jelılerınde 464 beinerolik jarialağan. 

Olardyñ ışınde:
- Memleket basşysynyñ qyzmetı turaly 290 beinerolik;
- QR Prezidentınıñ Instagram-dağy akauntynda 18 beinerolik jaryqqa şyqty;
- Memleket basşysynyñ qyzmetınıñ qorytyndysy boiynşa jyl basynan berı apta saiynğy 104 beinerolik daiyndaldy;
- Prezidenttıñ memlekettık/ resmi/ jūmys saparlarynan 39 beineşolu.
Memleket basşysynyñ aimaqtarğa jäne şetelderge jasağan saparlary, tapsyrmalary men Qazaqstan halqyna arnalğan Joldau aiasynda 40-tan astam derektı jäne qysqametrajdy film tüsırılgen.