Get Mystery Box with random crypto!

2022 жылғы 29 шілдеде «Отандастар қорының» президенті Абзал Са | «Otandastar Qory»

2022 жылғы 29 шілдеде «Отандастар қорының» президенті Абзал Сапарбекұлы Испаниядағы қазақ ассоциациясының өкілдерімен жүздесіп, меморандумға қол қойды.
Кездесуге «La ASOCIACIÓN CASA KAZAJA EN ESPAÑA» Испаниядағы қазақ ассоциациясының президенті Жаннат Амангелді қызы Нұрбаева, вице-президенті Әуескүл Әріпбаева және хатшы Әсел Оңдасынқызы Зирекова қатысып, тараптар арасында әріптестік ынтымақтастық «Отандастар қоры» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен La ASOCIACIÓN CASA KAZAJA EN ESPAÑA (Испаниядағы қазақ ассоциациясы) арасында әріптестік ынтымақтастық меморандумға қол қойды. Әңгіме барысында тараптар өзара байланысты дамыту, жобаларды бірлесе жүзеге асыру жолдары мен қазақ мәдени ұйымдарымен қор арасындағы серіктестікті жүйелеу әдістеріне қатысты пікір алмасты.
__

2022 jylğy 29 şıldede «Otandastar qorynyñ» prezidentı Abzal Saparbekūly İspaniadağy qazaq asosiasiasynyñ ökılderımen jüzdesıp, memorandumğa qol qoidy.
Kezdesuge «La ASOCIACIÓN CASA KAZAJA EN ESPAÑA» İspaniadağy qazaq asosiasiasynyñ prezidentı Jannat Amangeldı qyzy Nūrbaeva, vise-prezidentı Äueskül Ärıpbaeva jäne hatşy Äsel Oñdasynqyzy Zirekova qatysyp, taraptar arasynda ärıptestık yntymaqtastyq «Otandastar qory» Komersialyq emes aksionerlık qoğamy men La ASOCIACIÓN CASA KAZAJA EN ESPAÑA (İspaniadağy qazaq asosiasiasy) arasynda ärıptestık yntymaqtastyq memorandumğa qol qoidy. Äñgıme barysynda taraptar özara bailanysty damytu, jobalardy bırlese jüzege asyru joldary men qazaq mädeni ūiymdarymen qor arasyndağy serıktestıktı jüieleu ädısterıne qatysty pıkır almasty.

#меморандум#кездесу#европақазақтары#испанияқазақтары#отандастарқоры