Get Mystery Box with random crypto!

Қоғам президенті Абзал Сапарбекұлы «Қазақстан» телерадиокорпар | «Otandastar Qory»

Қоғам президенті Абзал Сапарбекұлы «Қазақстан» телерадиокорпарациасының басқарма төрайымы Танысбай Лаззат Мұратқызымен кездесті.

Сөз басында А. Сапарбекұлы «Қазақстан» телерадиокорпарациасының құрамындағы барлық телеарналар мен «Қазақ» радиосының бүгінге дейін қандастар мәселесін қозғап, алыстағы ағайынға хабар таратудағы және «Отандастар қорына» ақпараттық қолдау көрсетіп келе жатқанына алғысын білдірді.

Өз кезегінде Лаззат Мұратқызы ұлттың айнасына айналған Ұлттық арнаның қазаққа қызмет етіп, қандастар үшін қашанда қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Кездесу барысында екі жақты бірлескен жаңа жобалар да талқыланды. Алдағы уақытта қазақтың көш тарихы, елге оралып жетістікке жеткен қандас бауырларымыз жайында көбірек дәріптеу жұмыстарын жүргізу мәселесі айтылды.
___
Qoğam prezidentı Abzal Saparbekūly «Qazaqstan» teleradiokorparasiasynyñ basqarma töraiymy Tanysbai Lazzat Mūratqyzymen kezdestı.

Söz basynda A. Saparbekūly «Qazaqstan» teleradiokorparasiasynyñ qūramyndağy barlyq telearnalar men «Qazaq» radiosynyñ bügınge deiın qandastar mäselesın qozğap, alystağy ağaiynğa habar taratudağy jäne «Otandastar qoryna» aqparattyq qoldau körsetıp kele jatqanyna alğysyn bıldırdı.

Öz kezegınde Lazzat Mūratqyzy ūlttyñ ainasyna ainalğan Ūlttyq arnanyñ qazaqqa qyzmet etıp, qandastar üşın qaşanda qoldau körsetuge daiyn ekenın jetkızdı.

Kezdesu barysynda ekı jaqty bırlesken jaña jobalar da talqylandy. Aldağy uaqytta qazaqtyñ köş tarihy, elge oralyp jetıstıkke jetken qandas bauyrlarymyz jaiynda köbırek därıpteu jūmystaryn jürgızu mäselesı aityldy.