Get Mystery Box with random crypto!

2022 жылғы 28 шілдеде «Отандастар қоры» мен Түркиядағы қазақ м | «Otandastar Qory»

2022 жылғы 28 шілдеде «Отандастар қоры» мен Түркиядағы қазақ мәдени орталықтарының өкілдері арасында «ZOOM» арқылы онлайн кездесу өтті.
Кездесу барысында Түркиядағы қазақтардың мәдени орталықтарын гуманитарлық қолдау және іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған түрлі идеялар талқыланды. Туыстас Түркия арасында ынтымақтастықты одан әрі дамыту, жобаларды бірлесе жүзеге асыру жолдары мен қазақ мәдени ұйымдарымен қор арасындағы серіктестікті жүйелеу әдістері ұсынылды.
Кездесуге Ыстамбұл қаласы, Қазақ түріктерінің білім беру және зерттеу қауымдастығының төрағасы Ертолқын Гайнетуллах, Ниде қаласы, Алтайқой ауылының қазақ мәдениетін қолдау және сақтау қоғамының басшысы Мұстафа Көк, Ыстамбұл қаласы, Қазақкент Алтай қогамы (КазакДер-KazakDer) басшысының орынбасары Жанымхан Жаналтай, Конья қаласы, Қазақ түріктерінің мәдениет және әлеуметтік көмек қауымдастығының басшысы Мехмет Алим, Ыстамбұл қаласы, Қазақ-түрік тілдері қорының президенті (КТВ) Джелал Абдулселил Кахруман, Ыстамбұл қаласы, Қожа Ахмет Ясауи ғылым және білім қоры төрағасының орынбасары Рамазан Авжы қатысты.
__
2022 jylğy 28 şıldede «Otandastar qory» men Türkiadağy qazaq mädeni ortalyqtarynyñ ökılderı arasynda «ZOOM» arqyly onlain kezdesu öttı.
Kezdesu barysynda Türkiadağy qazaqtardyñ mädeni ortalyqtaryn gumanitarlyq qoldau jäne ıskerlık bailanystardy nyğaituğa bağyttalğan türlı ideialar talqylandy. Tuystas Türkia arasynda yntymaqtastyqty odan ärı damytu, jobalardy bırlese jüzege asyru joldary men qazaq mädeni ūiymdarymen qor arasyndağy serıktestıktı jüieleu ädısterı ūsynyldy.
Kezdesuge Ystambūl qalasy, Qazaq türıkterınıñ bılım beru jäne zertteu qauymdastyğynyñ törağasy Ertolqyn Gainetullah, Nide qalasy, Altaiqoi auylynyñ qazaq mädenietın qoldau jäne saqtau qoğamynyñ basşysy Mūstafa Kök, Ystambūl qalasy, Qazaqkent Altai qogamy (KazakDer-KazakDer) basşysynyñ orynbasary Janymhan Janaltai, Könä qalasy, Qazaq türıkterınıñ mädeniet jäne äleumettık kömek qauymdastyğynyñ basşysy Mehmet Alim, Ystambūl qalasy, Qazaq-türık tılderı qorynyñ prezidentı (KTV) Jelal Abdulselil Kahruman, Ystambūl qalasy, Qoja Ahmet İasaui ğylym jäne bılım qory törağasynyñ orynbasary Ramazan Avjy qatysty.