Get Mystery Box with random crypto!

2022 жылғы 22 шілдеде «Отандастар қоры» мен Ресей Федераиясынд | «Otandastar Qory»

2022 жылғы 22 шілдеде «Отандастар қоры» мен Ресей Федераиясындағы қазақ мәдени орталықтарының өкілдері арасында «ZOOM» арқылы онлайн кездесу өтті.
Кездесу барысында Ресейдегі қазақтардың мәдени орталықтарын гуманитарлық қолдау және іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған түрлі идеялар талқыланды. Көршілес және дос Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықты одан әрі дамыту, түрлі салаларда (спорт, мәдени-гуманитарлық, туризм) жобаларды жүзеге асыру жолдары мен қазақ мәдени ұйымдарымен қор арасындағы серіктестікті жүйелеу әдістері ұсынылды.
Онлайн шараға Омбы облысы бойынша аймақтық Қазақ ұлттық-мәдени «Омбы қазақтары» автономиясының төрағасы Бота Зейнилхабиденұлы Бакулин, Томск қаласы мен Томск облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы қоғамдық ұйымының төрағасы Ұрықбай Кәмешұлы Орынғожин, «Орынбор қазақтарының қауымдастығы» Орынбор облыстық қоғамдық ұйымының төрағасы Динара Нығметқызы Еспаева, Челябі облыстық қоғамдық ұйымының төрағасы Жәдігер Жақыпұлы Нұрымов, Орынбор, Халықаралық қазақ тілі қоғамының Ресей Федерациясындағы өкілдігі Сәуле Совхозқызы Таикешева, Свердлов облысының «Диаспоралардың интернационалдық одағы» РҚБ жетекшісі Бақыт Серікқызы Есқалиева қатысты.
___

2022 jylğy 22 şıldede «Otandastar qory» men Resei Federaiasyndağy qazaq mädeni ortalyqtarynyñ ökılderı arasynda «ZOOM» arqyly onlain kezdesu öttı.
Kezdesu barysynda Reseidegı qazaqtardyñ mädeni ortalyqtaryn gumanitarlyq qoldau jäne ıskerlık bailanystardy nyğaituğa bağyttalğan türlı ideialar talqylandy. Körşıles jäne dos Resei men Qazaqstan arasynda yntymaqtastyqty odan ärı damytu, türlı salalarda (sport, mädeni-gumanitarlyq, turizm) jobalardy jüzege asyru joldary men qazaq mädeni ūiymdarymen qor arasyndağy serıktestıktı jüieleu ädısterı ūsynyldy.
Onlain şarağa Omby oblysy boiynşa aimaqtyq Qazaq ūlttyq-mädeni «Omby qazaqtary» avtonomiasynyñ törağasy Bota Zeinilhabidenūly Bakulin, Tomsk qalasy men Tomsk oblysy qazaqtarynyñ ūlttyq-mädeni avtonomiasy qoğamdyq ūiymynyñ törağasy Ūryqbai Kämeşūly Orynğojin, «Orynbor qazaqtarynyñ qauymdastyğy» Orynbor oblystyq qoğamdyq ūiymynyñ törağasy Dinara Nyğmetqyzy Espaeva, Cheläbı oblystyq qoğamdyq ūiymynyñ törağasy Jädıger Jaqypūly Nūrymov, Orynbor, Halyqaralyq qazaq tılı qoğamynyñ Resei Federasiasyndağy ökıldıgı Säule Sovhozqyzy Taikeşeva, Sverdlov oblysynyñ «Diasporalardyñ internasionaldyq odağy» RQB jetekşısı Baqyt Serıkqyzy Esqalieva qatysty.