Get Mystery Box with random crypto!

Ресейлік эксперттер шетелдегі қазақ тілді БАҚ ассоциациясының | «Otandastar Qory»

Ресейлік эксперттер шетелдегі қазақ тілді БАҚ ассоциациясының жұмыстарын жоғары бағалады.

Ресейдің Омбы аймағында өтіп жатқан «РИТМ» халықаралық жастар форумының төртінші күнінде «халықаралық медиа-кеңістікті дамыту» тренд-сессиясы өтті.
Бұл сессияда «Отандастар қорының» баспасөз хатшысы Нұрымжан Қасымұлы өткен жылы Қазақстанда алғаш рет құрылған шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарының ассоциациясын таныстырды.
Ресей тарапынан қатысқан РФ Президенті жанындағы Ұлтаралық қатынастар жөніндегі Кеңестің мүшесі Маргарита Лянге, Орта Азиядағы қоғамдық-саяси процестерді зерттеу жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының директоры Чижова Дарья, Тәжікстан Журналистер Одағының мүшесі Насрулло Туйчизода сынды медиа саласының эксперттері қазақ тілді БАҚ ассоциациясының жұмыстарын тыңдап, оның мазмұны мен бүгінгі қоғамдағы маңыздылығының жоғары екендігін айтты.
Сонымен қатар, бүгінде Орталық Азия мемлекеттеріндегі медиа саласының дамуы, ақпарат алмасудағы олқылықтар туралы сөз етілді.
Бүгінде халықаралық әлеуметтік желілерді бұғаттаған Ресейлік сарапшылар жаңа бағыттарды іздестіруде.