Get Mystery Box with random crypto!

Бір кездері сүйікті болған іс қазір соншалықты шабыттандырмайд | өшпес із

Бір кездері сүйікті болған іс қазір соншалықты шабыттандырмайды. Қызығатын дүниелер өзгерді. Жасап көру керек тізімдерге де өзгеріс енді. Кеше мотивация алған нәрселер бүгін жүректі айнытады. Араласатын адамдардың орны алмасуда. Мүлде таңсық ортаға үйренісу бұрынғыдай қиындық тудырмайды, алайда қарым-қатынас сәлемің түзу болғаннан ары аспайды. Оқитын кітаптардың жанры да басқа. Алаңдайтын мәселелердің деңгейі де жоғарылаған.

бәрі де бір адам. тек құндылық өзгерген. уақыт өткен сайын адамның жаңа версиясы қалыптасып отыруы заңдылық.