Get Mystery Box with random crypto!

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік даму жөнінде айта келе, қазір дүни | ОКҚ - «Орталық коммуникациялар қызметі»

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік даму жөнінде айта келе, қазір дүниежүзі бұрын-соңды болмаған геосаяси және экономикалық тұрақсыздықпен бетпе-бет келіп отырғанына назар аударды. Атап айтқанда, Президент азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінің қиындап кеткеніне мән берді.

«Соңғы бірнеше айда әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті. Егер азық-түлік жеткізу желісінің бұзылуы жалғаса берсе, миллиондаған адамның өміріне қауіп төнеді. Бүгінде әлемдегі ең ірі азық-түлік өндірушілердің төрттен үші БРИКС елдері және осы Ұйымға мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы бойынша жалпы ішкі өнімі бүкіләлемдік өнімнің жартысынан астамын құрайды»