Get Mystery Box with random crypto!

Мен аздап ұқыпсыз, ұмытшақтаумын. (Мұндағы “аздап” тек өзімді | шай, кесе және мен

Мен аздап ұқыпсыз, ұмытшақтаумын. (Мұндағы “аздап” тек өзімді құрметтегенім үшін тұр)

Шашырап жүру - өмірлік стиль боп кетті.

Алдыңғы күні бір жерде сырт киімді тастап кетіппін. Соны алуға бардым. Сосын жоспар бойынша ол жерден шыққан соң, бір жерге отырып, блакнотқа бәрін рет-ретімен жазып шыққым келді. (Менің жинақталуға тырысқан бәленбайыншы попыткам) Жазған аз болса да, реттілікке әкелетін сияқты көрінеді.

Солай бәрін реттеп жазбаққа келіп отырдым. Сөмкеден блакнотты шығардым. Бірақ ручкам жоқ. Ұмытып кеткем. Енді отырмыз ұқыпсыз мен, блакнот және қаламның қақпағы болып.