Get Mystery Box with random crypto!

Достар! Семей қаласында, Қазақстан футболының отанында Super B | Oralgazin

Достар!
Семей қаласында, Қазақстан футболының отанында Super Bol атты ауқымды жоба бастауын алды. Бұл - еліміз бойынша дарынды ойыншыларды іздеп, іріктеу мақсатында ашылған ауқымды жоба.
Жоба кастингілері Қазақстанның 7 қаласында өтпек. Қатысудың басты шарттары: еріктілер 16-25 жас аралығында болуы керек, және кәсіпқой клубтар немесе академиялармен келісім-шарттары болмауы керек. Кастингінің нәтижесінде финалға ең үздіктер іріктелінеді. Финалдық кезең Алматы қаласында 24-ші маусымда өтеді, ал жеңімпаздар Талғар қаласындағы Ұлттық құраманың базасында 2 ай жаттығу мүмкіндігін алады. Super Bol жобасының бас менеджері Давид Лория болмақ, ал ойыншылардың біліктілігін бас бапкер Самат Смаков дамытатын болады.
Жобаның соңында, үздіктер өз армандарын орындауға, және Қазақстанның пен Еуропаның футбол клубтарымен келісім-шартқа отыру мүмкіндігін алады. Кастингінің шарттарымен @superbol.kz парақшасында, және superbol.kz сайтында танысуға болады.