Get Mystery Box with random crypto!

​​ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ ЛИНГВИСТИКАДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМП | QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК

​​ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ ЛИНГВИСТИКАДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУДА

Қазақстандық оқушылар Болгарияның Банско қаласында өтетін лингвистикадан халықаралық олимпиадаға (ІОL-2023) қатысуда.

Лингвистика бойынша халықаралық олимпиада – мектеп оқушылары арасында теориялық, математикалық және қолданбалы лингвистика бойынша жыл сайын өтетін жарыс. Ол жеке және командалық екі кезеңнен тұрады.

Жеке турда әр қатысушы бес лингвистикалық тапсырманы шешіп, жауаптарын қағаз жүзінде ұсынады. Командалық кезең бір ғана ерекше және күрделі лингвистикалық мәселені шешуге арналған. Олимпиадада тілдердің салаларын білу талап етілмейді: тіпті ең қиын тапсырмалар тек логикалық тұрғыдан ойлай білуді, қабілеттілікті, шыдамдылықты қажет етеді.

Алғашқы олимпиада 2003 жылы Болгарияда өтіп,Қазақстанның құрама командасы бұл жарысқа 2015 жылдан бері қатысып келеді.

Биыл олимпиадаға төрт оқушы және бір жетекшіден тұратын командалар шақырылды.Қазақстан құрама командасының қатарында:

Ахмет Шайман - Павлодар қаласының химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы;
Аида Давлетова - Астана қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы;
Камила Ким - Абай атындағы дарынды балаларға арналған (қазақ тілінде оқытатын) № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы, Көкшетау қаласы;
Дархан Поезканов- Семей қаласының химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы;
Варвара Смирнова - команданың жетекшісі, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.

Айта кетейік, олимпиадаға қатысқан жылдары еліміздің құрама командасы 10 марапатқа ие болды, оның 5-і қола медаль және 5-і құрмет грамотасы.