Get Mystery Box with random crypto!

​​ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖОБАСЫ ЖҮ | QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК

​​ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Өткен жылдан бастап Ақтөбе облысында ауылдық мектептерде сапалы білім беруді дамыту және виртуалды педагогтер есебінен шағын жинақты мектептерде педагог тапшылығын толтыруға бағытталған «БІЛІМ ALL» жобасы қолға алынды.

Бүгінгі таңда өңірдегі 36 шағын жинақты мектепті 12 тірек мектеп басқарады. Жоба аясында онлайн сабақтарға арналған арнайы білім беру платформасы әзірленді. 1000-ға жуық педагог шағын жинақталған ауылдық мектептердің әлеуетін дамыту тақырыбында цифрлық технологияларды қолдана отырып, біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

«Аталған жоба аясында 1 қыркүйектен бастап 134 шағын жинақты мектептің оқушыларына сапалы білім беру, материалдық-техникалық базаны нығайту және интернет жылдамдығын арттыру көзделген. Өңірдегі 12 тірек мектепте 386 кабинет жабдықталады», - деді Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Арнайы курстан өткен педагогтер 5-11 сыныптың 1851 оқушысына математика, физика, химия, биология, ағылшын тілі бойынша онлайн және офлайн режимінде сабақ береді. Ақтөбе облысының тәжірибесі еліміздің бірқатар мектептерінде пайдаланылады деп жоспарлануда.