Get Mystery Box with random crypto!

​​ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ФИЗИКАДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА БЕС | QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК

​​ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ФИЗИКАДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА БЕС МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

Токиода физика бойынша халықаралық олимпиада аяқталды (IPhO-2023).
Оған әлемнің 83 елінен 415 оқушы қатысып, қазақстандық оқушылар төрт күміс және бір қола жүлдеге ие болып, 100% нәтиже көрсетті:

Ерсұлтан Пітебай - Алматы қаласындағы ДББҰ «ФМБ НЗМ» оқушысы;
Алишер Еркебаев - Ақтөбе қаласындағы ДББҰ «ФМБ НЗМ» оқушысы;
Марғұлан Нұрсағатов - Алматы қаласының №165 мамандандырылған лицейінің оқушысы;
Досжан Бисимби - Алматы қаласының «Мирас» халықаралық мектебінің оқушысы;
Даир Нұртаев - Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы;

Құрама команданың жетекшілері- PhD докторы, Сүлейман Демирел атындағы университеттің доценті Самат Мақсұтов және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты Андрей Сидоренко.

«Оқушылардың білімдері мен дағдылары екі тур бойынша сыналды. Бірінші тур теориялық есептер, екінші тур — эксперименттік, онда қатысушылар зертханалық жұмыстар жүргізді. Барлық тапсырмалар қызықты және мазмұнды болды. Олардың шешімі тапқырлық пен рефлексияны қажет етті. Біздің құрама тамаша нәтиже көрсетті», - дейді команданың ғылыми жетекшісі Самат Мақсұтов.

Олимпиадаға қатысқан барлық жылдары қазақстандық оқушылар 114 марапатқа ие болды. Оның ішінде 14 алтын, 45 күміс, 29 қола медаль және 25 құрмет грамота бар.