Get Mystery Box with random crypto!

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ АЙТЫЛДЫ: Жыл сайы | QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

АЙТЫЛДЫ: Жыл сайын шағын қала, аудан орталығы мен ауылдағы кемінде мыңнан астам мектеп заман талабына сай жаңартылатын болады.
(ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасы)

ОРЫНДАЛДЫ:
• ҚР мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды.
• Жыл басынан бері еліміздің 300-ден астам мектебінде жаңғырту жұмыстары жүргізілді
Оның ішінде:
- 29 мектепке 38 пәндік кабинет жеткізілді
- 39 мектептің жиһазы жаңартылды
- 55 мектептің кітапханасы жаңартылды
- 53 мектептің асханасы жаңартылды
- 136 мектепте бейнебақылау, турникет, дабыл түймелері орнатылып қауіпсіздік шаралары күшейтілді
• 2025 жылға дейін 6 бағыт бойынша 3000 мектепті заман талабына сай жаңарту жоспарланған.