Get Mystery Box with random crypto!

​​АЙТЫЛДЫ-ОРЫНДАЛДЫ: ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҰЛТТЫҚ Қ | QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК

​​АЙТЫЛДЫ-ОРЫНДАЛДЫ: ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРТІНШІ ОТЫРЫСЫНДА БЕРГЕН ТАПСЫРМАСЫ

2020 жылғы 22 қазан
АЙТЫЛДЫ:

«Көптеген жоғарғы оқу орны коммерациялық емес акционерлік қоғамға айналды. Бұл ел ішінде әртүрлі әңгіме туғызды. Сондай-ақ мемлекеттік жоғары оқу орындары кейіннен жекеменшікке сатылуы мүмкін деген күдік бар. Осыған орай, ұлттық және мемлекеттік жоғарғы оқу орныдары сатылмайтыны жөнінде мәлімдеймін».

ОРЫНДАЛДЫ:

2021 жылы «Білім туралы» заңға ұлттық, мемлекеттік университеттер мен 100% мемлекеттің қатысуы бар университеттерді иеліктен шығаруға тыйым салу туралы арнайы түзетулер енгізілді.

Заңнамада қабылданған жаңа нормаларға сәйкес, енді мемлекеттік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары және олардың үлестері иеліктен шығарылмайды.

Қазақстанда 120 ЖОО бар. Оның 29-ы мемлекеттік, 48-і жекеменшік.