Get Mystery Box with random crypto!

Сабаққа керек қосымшалар Қыркүйек айы жақындап қалды, сол себ | ONLY STUDY | ҰБТ 2022

Сабаққа керек қосымшалар

Қыркүйек айы жақындап қалды, сол себептен сендер үшін сабақ оқуды жеңілдетіп, қызықтырақ ететін қосымшалар тізімін дайындап қойдық (барлық қосымша App Store мен Play Market-те бар).

1. Forest — жұмыс барысында басқа нәрсеге көңілің бөліне берсе, бұл қосымша саған көмектеседі. Бұл жерде уақытты бөлу помодоро әдісімен жүреді: 25 минут жұмыс, 5 минут демалыс.

2. Photomath — кез келген математикалық есептерді (соның ішінде күрделілерін де) шығарып беретін қосымша. Онымен қоймай, түсініксіз болса шығарылу жолын да көруіңе болады.

3. DuoLingo — ағылшын, неміс, француз және испан тілдерін қызықты форматта жаттауға арналған қосымша. Ойын ойнап, ұпай жинап, басқалармен жарысуға болады.

4. NeuroNation — миды жаттықтыруға арналған қосымша. Бұл қосымша адамның ойлау қабілетіне байланысты қажет ойындарды өзі жинастырып береді.

5. Fabulous — пайдалы әдеттер қалыптастыруға көмекші құрал. Өзің қалыптастырғың келген әдетті таңдайсың және қосымша сол әдетті күнделікті орындауды еске салып отырады.

6. Quizlet — бұл қосымшаны түрлі мақсатта қолдануға болады, бірақ басты пайдасы — флэш-карталар. Түрлі пәндер мен тақырыптар бойынша дайын флэш-карталарды қолдануға немесе өзің құрастыруыңа болады.

7. Joo.kz — Қазақстандағы барлық жоғарғы оқу орнындары мен мамандықтар тізімі, шектік баллдар. Күнделікті керек кеңестер мен ҰБТ жайлы жаңалықтар, бәрін осы қосымшадан табуға болады.

8. Alarmy — жай оятқышты таңертең өшіріп тастап, әрі қарай ұйықтайтын әдетің болса, осы қосымшаны орнат. Бұл жерде оятқышты өшіру үшін түрлі логикалық тапсырмаларды орындау керек.